1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Осы Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2017 жылдан бастап) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 15.08.2017 жылғы № 485 Қаулысына сәйкес өзгерістер енгізу көзделуде Осы Стандарт күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
1.Жалпы ережелер
2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
4. Стандарт:
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
Полная версия