Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2016 ж., № 29-30, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
16-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«46. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» оқу пәндерінде іске асырылады.»;
«59. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды ескере отырып белгіленеді.
Шет тілін оқытуға бөлінген вариативтік және гимназиялық компоненттер бағалауға жатады.»;
«14. Міндетті оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі»және «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Ана тілі» мен «Әдебиет» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Ағылшын тілі», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері енеді.»;
«16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері енеді.
Полная версия
ИС BestProfi