Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес бұйырамын:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2016
Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 маусымда № 8499 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.06.2016 жылғы № 165 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналаструын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары
1. Жалпы талаптар
1. Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің еңбек қызметі барысында олардың өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртібі, процедурасы және нормасы осы Талаптарда белгіленген, мына бөлімдер бойынша:
1) еңбек қауіпсіздігі:
жұмыс басталуы алдында;
жұмыс барысы уақытында;
апаттық жағдайда;
жұмыс аяқталуы бойынша;
2) сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
құрал-жабдықтар мен өндірістік үй жайларда;
Полная версия