Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2016
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 130, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 268, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 209, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170 және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 72, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/167 бірлескен бұйрығы
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.07.2016 жылғы № 477, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.08.2016 жылғы 601, ҚР Қорғаныс министрінің, ҚР Ұлттық экономика министрінің, ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2016 жылғы № 736 және ҚР Энергетика министрінің Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысының 3, 7, 14-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының тиісті орынбасарларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрі Ә. Жақсыбеков
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Рау
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 28 наурыздағы № 130
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 4 мамырдағы № 268
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 30 мамырдағы № 209
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 11 сәуірдегі № 68-Ө
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2013 жылғы 11 наурыздағы № 72
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14-167
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желілерінің (бұдан әрі - БЗБЖ) ұйымдастырылуын, негізгі міндеттерін және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. БЗЖБ іс-қимылдарына жалпы басшылықты және оларды үйлестіруді заңнамаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен объектілер мен аумақтарда кезек күттірмейтін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу БЗЖБ құзыретіне кірмейді.
1) Осы Қағидада байқау техникалық құралдардың көмегімен қоршаған орта объектілерінің, азық-түліктің, тамақ және жемшөп шикізатының, ауызсудың радиоактивті заттармен (бұдан әрі - РЗ), уландырғыш заттармен (бұдан әрі - УЗ), қатты әсер ететін уытты заттармен (бұдан әрі - КӘУЗ) және биологиялық (бактериологиялық) агенттермен (бұдан әрі - БА) улануын (ластануын) уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін барлаудың тәсілі, тұрақты мониторинг деп түсініледі, оның ішінде онлайн режимінде де.
2) Зертханалық бақылау қоршаған орта объектілерінің сынамаларында, азық-түлікте, тамақ және жемшөп шикізатында, ауызсуда, клиникалық материалда негізгі агентті анықтау (БҚ үшін - ерекше индикация өткізгеннен кейін) деп түсініледі.
Полная версия
ИС BestProfi