Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2021
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 08.06.2021 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.08.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 31 тамыздағы
 № 497 қаулысымен
 бекітілген
Нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.07.2020 жылғы № 451 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми сараптамасы:
1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау;
3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртiбiмен әзірленген және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілетін нормативтiк құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізіледі.
Ғылыми лингвистикалық сараптама қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме дәлдігі айқындау мақсатында жүргізіледі.
Қабылдануы экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер туғызуы мүмкiн заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес ғылыми экологиялық сараптама жүргiзiлуге тиіс.
Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілетін, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.
4. Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру:
Полная версия
ИС BestProfi