Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 281 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14109 болып тіркелді
Редакция 03.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат және коммуникациялар 
министрі 
__________________ Д. Абаев 
2016 жылғы 30 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________________Қ. Бишімбаев 
2016 жылғы 18 шілде
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:
«6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды уақытына дейін, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамында, немесе www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы экспорт кезінде - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орнына, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.»;
7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермеген.
Полная версия
ИС BestProfi