«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 Қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 шілдеде № 9572 тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылар тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сай;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағы осы қаулыға 2-қосымшаға сай;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені осы қаулыға 3-қосымшаға сай;
4) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы осы қаулыға 4-қосымшаға сай;
5) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамасы осы қаулыға 5-қосымшаға сай;
6) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы хаттамасы осы қаулыға 6-қосымшаға сай;
7) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының хаттамасы осы қаулыға 7-қосымшаға сай;
8) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың өмірбаяндық деректері осы қаулыға 8-қосымшаға сай;
9) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі осы қаулыға 9-қосымшаға сай;
10) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың куәлігі осы қаулыға 10-қосымшаға сай;
12) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының дауыс беруге арналған пункттің ашылуы туралы хаттамасы осы қаулыға 12-қосымшаға сай;
13) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының хаттамасы осы қаулыға 13-қосымшаға сай;
14) азаматтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге келісімі (ниеті) туралы өтініші осы қаулыға 14-қосымшаға сай;
15) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу үшін құжаттарды қабылдау туралы анықтама осы қаулыға 15-қосымшаға сай;
16) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауға таңдаушылардың келуі туралы хабар осы қаулыға 16-қосымшаға сай;
Полная версия

