Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысы
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және ұйымдар:
1) жоспарды уақтылы орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 наурыздан және 1 қыркүйектен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 30 мамырдағы
 № 393 қаулысымен
 бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
Мықты қаржы орталығын құру Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі өсуін және Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберінде экономикалық және саяси қатысуды өсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективада «Астана» халықаралық қаржы орталығын – Astana International Financial Centre (бұдан әрі – Орталық немесе АХҚО) қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін қажетті ішкі және сыртқы бәсекелесе алатын артықшылықтары (географиялық орналасуы, экономикалық және саяси тұрақтылық, қолайлы салық ахуалы, сыртқы басқару үшін қолжетімді мемлекеттік қорлар көлемінің көптігі, ЕАЭО-ның Қазақстанда бірыңғай қаржы реттеушісін қалыптастыру туралы шешімі) бар.
Орталық Азия өңірі және ЕАЭО үшін Қазақстанда мұндай Орталықты негізгі қаржы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының көлеміне сәйкес келетін ең алдымен күшті жергілікті қаржы секторын және капитал нарықтарын құруға бағытталған ағымдағы міндеттердің шешілуіне қарай қалыптастыруға болады.
Орталықты қалыптастырудың негізгі бағыты – жергіліктіден халықаралыққа: Нұр-Сұлтан жергілікті инвесторлар мен эмитенттердің мүдделерін біріктіретін және отандық банк секторын толықтыратын (балама болатын) толыққанды жергілікті қаржы орталығына (мысалдар – Ыстамбұл, Әбу-Даби, Сан-Паулу) айналуға тиіс. Осындай негіз құрылғаннан кейін жергілікті орталық одан да ауқымды өңірдің қажеттілігі мен мүддесіне бағдарланған халықаралық орталыққа (мысалдар – Дубай, Сингапур, Гонконг) айналуға тиіс. АХҚО-ның жұмыс істеп, дамуы үшін Орталық Азия, Күнгей Кавказ республикасы, ЕАЭО елдері, Таяу Шығыс және Еуропа елдері нысаналы аудитория болып табылады.
1-бөлімнің төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) іске асырудың тікелей әсері 2025 жылға дейін жыл сайын көмірсутегін есептемегендегі жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 1 %-ға дейін өсімін (Дубай халықаралық қаржы орталығы (Dubai International Financial Centre, бұдан әрі – DIFС) құрылғаннан бері алғашқы 10 жылдағы Дубайдың нәтижесіне жақын нәтиже) немесе 2015 – 2025 жылдар кезеңінде шамамен 13,4 млрд. АҚШ доллары ЖІӨ-нің кумулятивтік абсолютті өсімін құрайды. АХҚО-дан болатын қосымша әсерге қазақстандық капитал нарығына шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі, экономикалық тұрғыдан тиімді жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігінің өсуі есебінен ЖІӨ-нің жыл сайын орташа алғанда 1 %-ға жылдам өсуі есебінен қол жеткізіледі. ЖІӨ-ге тікелей және тікелей емес әсер етуді, сондай-ақ Орталықтың өңірлік өктемдігін ескере отырып, Орталықты құрудан болатын қорытынды жиынтық әсер 2015 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бұдан басқа, Орталықтың тұжырымдамасын іске асыру Нұр-Сұлтанда халықаралық деңгейдегі 2 мыңнан аса жоғары білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АХҚО-ны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру мынадай екі стратегиялық бағытқа сүйенеді:
1. Капитал нарықтары. Өтімді қазақстандық капитал нарықтарын қалыптастыру қосымша шетелдік инвестицияларды тартып, ұлттық экономиканың өсуін жылдамдатады. Капитал нарығын дамыту банк жүйесіне маңызды балама болып, еліміз бен өңірдің бос ақша ресурстарын нарық ойыншылары мен ұлттық экономика қажеттілігінің мүддесі үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді;
Полная версия
ИС BestProfi