Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысы
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және ұйымдар:
1) жоспарды уақтылы орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 наурыздан және 1 қыркүйектен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
1 Негізгі тұжырымдар
Мықты қаржы орталығын құру Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі өсуін және Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберінде экономикалық және саяси қатысуды өсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективада «Астана» халықаралық қаржы орталығын – Astana International Financial Centre (бұдан әрі – Орталық немесе АХҚО) қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін қажетті ішкі және сыртқы бәсекелесе алатын артықшылықтары (географиялық орналасуы, экономикалық және саяси тұрақтылық, қолайлы салық ахуалы, сыртқы басқару үшін қолжетімді мемлекеттік қорлар көлемінің көптігі, ЕАЭО-ның Қазақстанда бірыңғай қаржы реттеушісін қалыптастыру туралы шешімі) бар.
Орталық Азия өңірі және ЕАЭО үшін Қазақстанда мұндай Орталықты негізгі қаржы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының көлеміне сәйкес келетін ең алдымен күшті жергілікті қаржы секторын және капитал нарықтарын құруға бағытталған ағымдағы міндеттердің шешілуіне қарай қалыптастыруға болады.
Орталықты қалыптастырудың негізгі бағыты – жергіліктіден халықаралыққа: Нұр-Сұлтан жергілікті инвесторлар мен эмитенттердің мүдделерін біріктіретін және отандық банк секторын толықтыратын (балама болатын) толыққанды жергілікті қаржы орталығына (мысалдар – Ыстамбұл, Әбу-Даби, Сан-Паулу) айналуға тиіс. Осындай негіз құрылғаннан кейін жергілікті орталық одан да ауқымды өңірдің қажеттілігі мен мүддесіне бағдарланған халықаралық орталыққа (мысалдар – Дубай, Сингапур, Гонконг) айналуға тиіс. АХҚО-ның жұмыс істеп, дамуы үшін Орталық Азия, Күнгей Кавказ республикасы, ЕАЭО елдері, Таяу Шығыс және Еуропа елдері нысаналы аудитория болып табылады.
1-бөлімнің төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) іске асырудың тікелей әсері 2025 жылға дейін жыл сайын көмірсутегін есептемегендегі жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 1 %-ға дейін өсімін (Дубай халықаралық қаржы орталығы (Dubai International Financial Centre, бұдан әрі – DIFС) құрылғаннан бері алғашқы 10 жылдағы Дубайдың нәтижесіне жақын нәтиже) немесе 2015 – 2025 жылдар кезеңінде шамамен 13,4 млрд. АҚШ доллары ЖІӨ-нің кумулятивтік абсолютті өсімін құрайды. АХҚО-дан болатын қосымша әсерге қазақстандық капитал нарығына шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі, экономикалық тұрғыдан тиімді жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігінің өсуі есебінен ЖІӨ-нің жыл сайын орташа алғанда 1 %-ға жылдам өсуі есебінен қол жеткізіледі. ЖІӨ-ге тікелей және тікелей емес әсер етуді, сондай-ақ Орталықтың өңірлік өктемдігін ескере отырып, Орталықты құрудан болатын қорытынды жиынтық әсер 2015 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бұдан басқа, Орталықтың тұжырымдамасын іске асыру Нұр-Сұлтанда халықаралық деңгейдегі 2 мыңнан аса жоғары білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АХҚО-ны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру мынадай екі стратегиялық бағытқа сүйенеді:
1. Капитал нарықтары. Өтімді қазақстандық капитал нарықтарын қалыптастыру қосымша шетелдік инвестицияларды тартып, ұлттық экономиканың өсуін жылдамдатады. Капитал нарығын дамыту банк жүйесіне маңызды балама болып, еліміз бен өңірдің бос ақша ресурстарын нарық ойыншылары мен ұлттық экономика қажеттілігінің мүддесі үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шаралар | Аяқтау нысаны |
Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. "Капитал нарықтарын дамыту" стратегиялық бағыты | ||||
1 | Нақты инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жауапты мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық даму институттарымен инфрақұрылымдық облигацияларды шығару құрылымын пысықтау жолымен АХҚО биржасы арқылы инфрақұрылымдық облигацияларды шығару | пилоттық шығарылымның құрылымы | 2017 жылғы желтоқсан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ |
1-1 | Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік секторының бағалы қағаздарын орналастыру кезінде шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін кең ауқымды ақпараттық науқан өткізу | Қаржыминіне ақпарат | жыл сайын 2025 жылғы шілдеге дейін |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша) |
1-2 | АХҚО базасында ШОБ-ты қаржыландыруға арналған жеке алаң құру | Қаржыминіне ақпарат | 2019 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
1-3 | Жекешелендірудің оңтайлы моделін жасау, елдің биржалық инфрақұрылымын құру және MSCI Emerging Markets мәртебесін алу үшін АХҚО базасында капитал нарығын дамыту бойынша ЕҚДБ-мен жобаны іске асыру | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы наурыз | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "АХҚО Биржасы" ЖК (келісу бойынша) |
1-4 | Бағалы қағаздар нарығында өтімділікті арттыру мақсатында инвесторлар үшін кредиттеу және қайта қаржыландыру (securities lending) жүйесін құру бойынша шаралар қабылдау | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы наурыз | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
1-5 | Депозитарлық қолхаттарды акцияларға/ облигацияларға қолжетімді айырбастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы наурыз | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2 | Халықаралық даму институттарының жобаларын қазақстандық капитал нарығы арқылы Орталық Азия елдерінде қаржыландыру мақсатында олармен ынтымақтастықты кеңейту | меморандум, шарт, келісім | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ |
3 | "Жергілікті қамтуы" бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мұнай-газ секторы мен тау-кен металлургиясы кешенінің бірлескен кәсіпорындары тарапынан капиталды АХҚО биржасы арқылы тартуды ынталандыру: | |||
1) бірлескен кәсіпорындарды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындау, "жергілікті қамтуы бар" жобаларды бағалы қағаздарды орналастыра отырып, АХҚО биржасы арқылы қаржыландыру; | іс-шаралар жоспары | 2017 жылғы шілде | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | |
2) бірлескен кәсіпорындардың қаржы құралдарын шығару жөніндегі пилоттық жобаны АХҚО биржасында орналастыру және іске асыруға дайындау кестесін әзірлеу | пилоттық жобаны іске асыру жоспары | 2017 жылғы желтоқсан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | |
4 | Отандық компаниялардың ұйымдасқан нарық арқылы капиталды тартуды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жолымен жарғылық капиталында шетелдік листингі бар ірі қазақстандық компаниялардың қомақты үлесін капиталдың отандық нарығында орналастыруды ынталандыру | іс-шаралар жоспары | 2017 жылғы желтоқсан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ |
5 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
6 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
7 | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық тұрғыдан барынша тартымды компанияларының ІРО-сын Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығындағы инвесторлардың (отандық және халықаралық) ауқымды тобы үшін орналастырылған акцияларға кемінде 25 % мөлшерінде жүргізу үшін олардың тізбесін айқындау | Директорлар кеңесінің шешімі | 2017 жылғы қаңтар | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша) |
8 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
9 | АХҚО биржасында орналастыру үшін іріктелген компаниялардың (IPO, SPO) орналастырылған акцияларға кемінде 25 % мөлшерінде АХҚО биржасына жария орналастыруды кезең-кезеңмен жүргізу | орналастыру, акциялармен сауда-саттықтарды ашу | 2017 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы желтоқсан |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
10 | "Биржалық инвестициялық қорлар" (ETF қорлар) деп аталатын қаржы құралдарының жаңа сыныбын айналымға енгізу және қор нарығының қосымша құралдарының тізбесіне депозиттік банктік сертификаттарды қосу мәселесін қарау, сондай-ақ исламдық және басқа да жалдау сертификаттары нарығын қалыптастыру мен дамыту | Үкіметке ақпарат | 2018 жылғы шілде |
ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ |
11 | Шетелдік, жергілікті және Қазақстанда оқшауландырылған басқарушы компаниялардың БЖЗҚ активтерін басқару үшін тендерге қатысу мүмкіндігін қарау | Үкіметке ақпарат | 2018 жылғы қаңтар |
ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
"Жасыл" қаржыландыру құралдарын дамыту | ||||
12 | Халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, "жасыл" қаржыландырудың құралдары мен қағидаттарын енгізу және дамыту жөнінде тұжырымдама әзірлеу | "АХҚО әкімшілігі" АҚ басқармасының шешімі | 2016 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
13 | Қазақстан Республикасының "жасыл" экономика мәселелерін реттейтін заңнамасына "жасыл" қаржыландыру құралдарын ендіру бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы маусым | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
14 | "Жасыл" қаржыландыру құралдарын әзірлеу және енгізу жөніндегі стратегиялық әріптестердің тізімін қалыптастыру | "АХҚО әкімшілігі" АҚ басқармасының шешімі | 2016 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
15 | ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде "жасыл" қаржы өнімдерін таныстыру және ілгерілету | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы қыркүйек |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісім бойынша) |
16 | "Жасыл" қаржы саласында АХҚО-ның өңірлік көшбасшылығын қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу | "АХҚО әкімшілігі" АҚ басқармасының шешімі | 2017 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ЭМ |
Қаржы технологияларын дамыту | ||||
17 | Қазақстандық және шетелдік оқу орындарымен бірлесіп қаржы технологиялары зертханаларын құру және дамыту жобасын әзірлеу | дамыту тұжырымдамасы | 2017 жылғы наурыз |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), БҒМ |
18 | Қаржы технологиялары нарығының ірі халықаралық қатысушыларын (стартап-акселераторларды, венчурлық қорларды, қаржы институттарын және технологиялық компанияларды) тарту | меморандум, келісу | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша) ЦДИАӨМ, ИИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
18-1 | ҚР заңнамасы шеңберінде АХҚО аумағында да, өңірлік ауқымда да қаржы технологияларын, инновациялық жобаларды және электронды коммерцияны дамытуға ықпал ететін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау: 1. ҚР заңнамасында ҚР Үкіметі мен АХҚО тарапынан бірлесіп әкімшілендіру мүмкіндігімен АХҚО базасында Ұлттық реттеуші құм алаңын іске қосу мен жұмысы үшін қажетті құқықтық шарттарды жасау; 2. Өңірлік деңгейде (Еуразия өңірі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде) қаржы технологиялары саласындағы қызметтерді көрсетуге берілетін лицензияларды өзара тану |
ҚР заңнамалық актілеріне түзетулер жобасы ниет туралы хат/ Еуразия өңірі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы үкіметаралық келісу |
2020 жылғы желтоқсан 2020 жылғы желтоқсан |
АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, СІМ АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, СІМ |
2. "Активтерді басқару жөніндегі нарықты және сараптаманы дамыту" стратегиялық бағыты | ||||
19 | Ұлттық қор қаражатының белгілі бір көлемін сыртқы БК басқаруына: 1) оқшауландырылған БК басқаруына берілетін қаражаттың жиынтық көлемін айқындау; 2) кәсіпқойлық, сараптама және капиталдандыру деңгейі биік, АХҚО аумағында негізгі бизнес-функцияларды оқшауландыру жөнінде, сондай-ақ активтерді басқарудың қазақстандық нарығын дамыту (меншікті өнімдерді қазақстандық нарыққа шығару, білім беру бастамаларына қатысу) жөнінде міндеттемелер қабылдауға дайын ауқымды сыртқы БК-ға артықшылық бере отырып, мемлекеттік қорларды қайта бөлу жолымен беру мүмкіндігін қарау |
Үкіметке ақпарат Үкіметке ақпарат |
2018 жылғы қаңтар 2018 жылғы қаңтар |
ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
20 | Ұлттық қордың қаражатын басқару жөніндегі коммерциялық ұсынысты мүдделі БК-ға жіберу мүмкіндігін қарау, атап айтқанда: 1) БК-дан - мемлекеттік қорлардың қаражатын ағымдағы және перспективалы сыртқы басқарушылардан реверсивті коммерциялық ұсыныс алу; 2) кейіннен екіжақты келіссөздер жүргізу үшін барынша тиімді талаптар ұсынған БК-ны таңдап алу |
Үкіметке ақпарат Үкіметке ақпарат |
2018 жылғы қаңтар 2018 жылғы қаңтар |
ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
21 | Капиталдың қайталама нарығында белсенді ойыншы ретінде БЖЗҚ-ның рөлін жандандыру тетігін енгізу мүмкіндігін: 1) БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялаудың объектілері мен лимиттері шеңберінде БЖЗҚ-ның қаражатын басқару үшін шетелдік, Қазақстанда оқшауландырылған, сондай-ақ жергілікті БК-ны іріктеу, лицензиялау және мандаттар беру; 2) оқшауландырылған халықаралық компаниялардың мандатына олардың басқаруындағы қаражаттың бір бөлігін отандық нарыққа инвестициялау туралы талаптарды қосу жолымен қарау |
Үкіметке ақпарат Үкіметке ақпарат |
2018 жылғы қаңтар 2018 жылғы қаңтар |
ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині ҰБ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
22 | АХҚО аумағында корпоративтік басқару, жалдау және еңбек қатынастары, салық салу және капиталдың шығу тегі саласындағы стандарттарды (FATCA, КҮС, AML және тағы сол сияқты) сақтау мәселелерін реттейтін, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін АХҚО актілерін әзірлеу | АХҚО актілері |
2018 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
23 | "АХҚО әкімшілігі" АҚ мен оның ведомствосына бағынысты құрылымдарының АХҚО аумағында халықаралық БК оқшауландырудың кешенді қызметін ұсыну жөніндегі мәселені пысықтау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы шілде | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
24 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
25 | Жергілікті және халықаралық сараптамалық және білім беру қоғамдастықтарымен бірлесе отырып, активтерді басқару саласындағы талаптарды әзірлеу | біліктілік талаптары | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), БҒМ |
3. "Жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару нарығын дамыту – Private banking" стратегиялық бағыты | ||||
26 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
27 | Private Banking компанияларымен және басқа қаржы орталықтарының сарапшыларымен бірлесіп, ең үздік халықаралық қызмет көрсету практикаларын ескере отырып, Private Banking саласында қызмет көрсету мәселелері бойынша АХҚО актілерін әзірлеу, сондай-ақ АХҚО-ның көрсетілген актілерін мүдделі тұлғалар арасында тарату | АХҚО актілері | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
28 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
4. "Исламдық қаржыландыру нарығын дамыту" стратегиялық бағыты | ||||
29 | Исламдық қаржы өнімдеріне сұранысты арттыру мақсатында халықтың және бизнестің исламдық қаржыландырудың мәні және оның қолжетімділігі туралы хабардар болуын арттыру | Жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат |
2017 жылғы қаңтар - 2020 жылғы желтоқсан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ДАМУ" КДҚ" АҚ (келісім бойынша) |
30 | АХҚО базасында "бір терезе" қағидаты бойынша халықаралық исламдық қаржы институттарын оқшауландыру процесін ұйымдастыру | Қаржыминіне ақпарат | жыл сайын 2017 жылғы желтоқсаннан бастап |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), СІМ |
31 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
32 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығаруы | бағалы қағаздар эмиссиясы | 2020 жылғы желтоқсан | Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
33 | АХҚО базасында Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі орталық кеңесті құру мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2018 жылғы желтоқсан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
34 | АХҚО базасында Вакф Қорын құру мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2019 жылғы желтоқсан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
35 | Қаржы секторының және мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған исламдық қаржыландыру жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу | курстар, семинарлар | жыл сайын 2025 жылға дейін | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), БҒМ |
36 | ШОБ өкілдері үшін исламдық қаржыландыру жөніндегі курстар мен семинарларды іске қосу | курстар, семинарлар | жыл сайын 2025 жылға дейін | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ДАМУ" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
37 | Халықаралық қаржы және исламдық қаржыландыру қағидаттарын оқытатын білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өту және білім беру бағдарламаларын іске қосу | оқыту бағдарламалары | жыл сайын, 2017 - 2025 жылдар |
БҒМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), СІМ |
38 | АХҚО-да халықаралық қаржы институттарымен, соның ішінде гранттар мен техникалық көмекпен исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі мәселелерді пысықтау | Қаржыминіне ақпарат | жыл сайын 2025 жылға дейін |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ |
38-1 | АХҚО биржасында исламдық бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2019 – 2020 жыл шілде | "АХҚО биржасы" ЖК (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) |
5. "Қолайлы іскерлік ортаны құру" стратегиялық бағыты | ||||
39 | Ағылшын құқығы базасында АХҚО тәуелсіз қаржы сотын және АХҚО Халықаралық төрелік орталығын құру | АХҚО басқару жөніндегі кеңестің қаулысы | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша) |
40 | АХҚО қаржы сотының құрамына қаржылық дауларды қарау практикасы бар және ағылшын құқығын білетін судьяларды (оның ішінде шетелдік мамандарды) тағайындау | сот құрамын тағайындау | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша) |
41 | АХҚО қызметкерлеріне, АХҚО қатысушыларының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне еңбек визаларын ресімдеу бойынша АХҚО қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған акционерлік қоғамның "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысын ұйымдастыру | Қаржыминіне ақпарат | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), СІМ, ІІМ, ДСӘДМ |
41-1 | АХҚО қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған, АХҚО қатысушыларына визаларды, ЖСН-ді, ЭЦҚ-ны және өзге де мемлекеттік қызметтерді ресімдеу бойынша "бір терезе" жұмысының аясында рәсімдерді оңтайландыру мәселелері жөнінде белсенді түрде ынтымақтасу және өзара әрекеттесу | Қаржыминіне ақпарат | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
42 | Кәсіби қызметтер көрсететін ұйымдарды (аудиторлар, заңгерлер, қаржы кеңесшілерін және басқаларды) тіркеу тәртібін әзірлеу | АХҚО актілері | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
43 | АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетін заңды тұлға ретінде құру мен тіркеу және оның бюджетін қалыптастыру | АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетін тіркеу | 2017 жылғы қаңтар |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
44 | Әдіснамаларды, этикалық стандарттарды және талдамалық құралдарды халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу арқылы АХҚО рейтингтік агенттігін құру және дамытудың орындылығына талдау жүргізу, сондай-ақ халықаралық деңгейде танылған рейтингтік агенттіктердің (мысалы, S&P, Moody’s, Fitch және басқаларының) бірімен әріптестік қатынастарды ұйымдастыру | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы сәуір |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
45 | Жетекші халықаралық қаржы орталықтарымен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жасасу | меморандум, келісім | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
46 | АХҚО биржасында сауда-саттыққа түскен құралдарға инвестициялау саласында зерттеулермен айналысатын ұйымдарды ынталандыру үшін "АХҚО-ның үздік жыл талдаушысы", "Мұнай-газ секторы саласындағы үздік зерттеу" және тағы басқа жыл сайынғы байқаулар серияларын тағайындау | конкурстық комиссияның хаттамасы | 2018 жылғы сәуір | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
47 | АХҚО қор биржасында инвестициялық мүмкіндіктердің жүйелі талдамалық жарияланымдары үшін жетекші ақпараттық бизнес-басылымдармен ынтымақтастық | меморандумдар, келісімдер | 2017 жылғы қараша |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
48 | "Бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік мамандарды оқшауландыру (құжаттарды ресімдеуге, баспана іздеуге және әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесуге жәрдемдесуді қоса алғанда) | АХҚО актілері | 2017 жылғы шілде – 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
49 | Әлемдік биржалық индустрия саласындағы үздік халықаралық практика қағидаттарына негізделген жаңа жоғары технологиялық биржалық және есеп айырысу-клирингтік инфрақұрылымды, тіркеушіні құру | заңды тұлғаны тіркеу, ішкі қағидаларды әзірлеу | 2017 жылғы қыркүйек |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
50 | АХҚО-ны қаржылық хаб ретінде ілгерілету жөніндегі іс-шаралар: 1) АХҚО-ның шетелдегі инвестициялық тартымдылығына жәрдемдесу; 2) АХҚО-ны дамыту және ілгерілету бойынша ҚР СІМ-мен бірлескен іс-шараларды іске асыру |
дөңгелек үстелдер, баспасөз турлары, роуд-шоу, конференцияларға қатысу, БАҚ-пен жұмыс Қаржыминіне ақпарат | үнемі |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), СІМ |
50-1 | АХҚО базасында Еуразиялық тауарлық нарықты іске қосу және дамыту | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы наурыз | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині |
50-2 | АХҚО-ны ел және Орталық Азия экономикасына тікелей инвестициялар салуды көздейтін холдингтік компанияларды, бірлескен кәсіпорындарды тіркеу, соның ішінде МЖӘ жобаларды іске асыру кезіндегі юрисдикция ретінде ілгерілету | Қаржыминіне ақпарат | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), СІМ, ҰЭМ, ИИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), |
50-3 | Жобаларды қаржыландыру, АХҚО-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын белсенді тарату, жобалар мен әлеуетті инвесторлар бойынша ақпарат пен деректер алмасу үшін АХҚО алаңын пайдалану арқылы қаржы ағынын тартуға арналған өңірлік алаң ретінде АХҚО-ны ілгерілетуге жәрдемдесу | Қаржыминіне ақпарат | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), |
51 | АХҚО бағыттары бойынша жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберінде пәндерді бакалавриат/магистратура бағдарламасына енгізу | білім беру бағдарламалары | 2017 жылғы сәуір |
БҒМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
52 | "Болашақ" бағдарламасына инвестициялық банкинг, трейдинг, активтерді басқару, private banking, исламдық қаржыландыру бағыттары бойынша қаржы пәндерін енгізу мүмкіндігін қарау | мемлекеттік комиссияның хаттамасы | 2017 жылғы шілде |
БҒМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
53 | "Назарбаев Университеті" ДБҰ-мен АХҚО-ның қызметкерлері үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөнінде ынтымақтастық | бірлескен білім беру бағдарламасы | 2018 жылғы қаңтар |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
54 | Активтерді басқару тақырыбы бойынша білім беру курстарын /тренингтер өткізу үшін оқшауландырылған жоғары білікті шетелдік мамандарды - портфельдік менеджерлерді шақыру | тренингтер, оқыту курстары | үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
55 | Қазақстандық студенттерді инвестицияларды басқару жөніндегі сертификатталған консультант атағын алуға емтихан тапсыруға дайындау үшін CFA Institute және/немесе ІМСА-мен ынтымақтастық (инвестицияларды басқару жөніндегі сертификатталған консультант атағын алуға емтиханды тапсыруға дайындау жөніндегі өңірлік білім беру орталығын АХҚО аумағында орналастыру) | келісім/шарт/ ынтымақтастық |
2018 жылғы қаңтар |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
56 | Нұр-Сұлтанды көрші өңірлермен байланыстыратын ескі өңірлік автомобиль магистральдарын жаңғырту және қосымша магистральдар салу | Қаржыминіне ақпарат | жыл сайын | ИИДМ |
57 | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның және Сингапур Республикасының азаматтары үшін 30 күнге дейінгі мерзіммен визасыз режим енгізу | нормативтік құқықтық акт | 2017 жылғы 1 қаңтар | СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
58 | Нұр-Сұлтан қаласының сыртқы көліктік қолжетімділігін арттыру үшін шетелдік авиация билігімен келіссөздер жүргізу жолымен негізгі қаржы орталықтарына және өңірлерге күнделікті тікелей авиарейстер ашу үшін құқықтық базаны қамтамасыз ету: 1. Қысқа мерзімді перспективада: Нью-Йорк, Цюрих. 2. Орта мерзімді перспективада: Женева, Шэньчжень, Джакарта, Дублин. |
келісу, меморандум | 2019 жылғы желтоқсан 2020 жылғы желтоқсан |
ИИДМ, СІМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы (келісу бойынша) |
58-1 | АХҚО-ны дамыту үшін басымдыққа ие бағыттар бойынша нақты тәсілді пайдаланумен 5-еркін әуе кеңістігін ұсыну мүмкіндігін қарастыру | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы желтоқсан | ИИДМ, СІМ, ҰЭМ, МСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша), АХҚО әкімшілігі (келісу бойынша) |
59 | Қолжетімділікті қамтамасыз ету: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ашғабад, Бішкек, Баку қалалары арасындағы екі бағытта күнделікті авиарейстерді іске қосу | Қаржыминіне ақпарат | 2020 жылғы сәуір | ИИДМ |
60 | Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының терминалын кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру және ұшу-қону алаңын реконструкциялау | мемлекеттік комиссия актісі | 2017 жылғы мамыр | ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
61 | Шетелдік тасымалдаушылар үшін "ашық аспан" қағидаты бойынша Нұр-Сұлтан әуежайына әуе тасымалдарының шарттарын кезең-кезеңмен ырықтандыру арқылы Нұр-Сұлтан қаласы мен жетекші халықаралық қаржы орталықтарының арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау | меморандум, келісу | 2018 жылғы шілде |
ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
62 | Саябақ, жаяу жүргінші және тұрақ аймақтарын салу бөлігінде қалалық инфрақұрылым элементтерінің "машиналарға арналған қала" форматынан "жаяу жүргіншілерге арналған қала" форматына біртіндеп көшуін жүзеге асыру арқылы отбасылық қолайлы тұру және демалу үшін халықаралық деңгейдегі қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы сәуір | Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
63 | Нұр-Сұлтан қаласының шегінде орналасқан табиғи объектілерді ең алдымен, саябақ аймақтарын, Нұр-Сұлтан қаласы арқылы өтетін өзендерді қоқыстан үнемі тазалау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы қаңтар |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
64 | Қалдықтарды (шыны, пластик, металл, қағаз/картон және қалдықтардың өзге де түрлерін) бөлек жинауды ұйымдастыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қуаттарын іске қосуға дайындау | Қаржыминіне ақпарат | 2018 жылғы сәуір |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
65 | "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде қолжетімді баға санатындағы қонақ үй желісін құруды ынталандыру | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы шілде |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
66 | АХҚО базасында бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тәуелсіз қадағалау органын құру орындылығын талдау | Қаржыминіне ақпарат | 2021 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
67 | Жұмыс істеп тұрған бағыттарда ұшу жиілігін күнделіктіге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы сәуір | ИДМ |
67-1 | Құжаттарды ресімдеуге, көлік құралдарын тіркеуге және есепке алуға, тұрғын үй іздеуге жәрдем беруді және әлеуметтік институттармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, "Бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік мамандардың жергіліктендіру үшін қолайлы жағдайлар жасау | АХҚО Басқарушысы 2018 жылғы 3 қарашадағы № 27 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2017 жылғы 7 қарашадағы № 736 бекіткен "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ-ның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен АХҚО Экспат Орталығының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу регламентін бекіту туралы" АХҚО мен ІІМ-нің бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы шілде | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, ЦДИАӨМ |
67-2 | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде коммерциялық мәмілелер жасасу кезінде АХҚО құқықтарын, АХҚО сотының және АХҚО Халықаралық төрелік сот орталығының юрисдикцияларын қолдану мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2019 жылғы наурыз | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, АХҚО соты (келісім бойынша), АХҚО Халықаралық төрелік орталығы (келісім бойынша) |
67-3 | Белсенді ынтымақтастық және АХҚО алаңының инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету, оның ішінде АХҚО-ның инфрақұрылымдары мен құралдарын қолдану арқылы инвестициялар тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Қаржыминіне ақпарат | үнемі | СІМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) , "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
67-4 | 2019 – 2020 жылдарға арналған бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде АХҚО-ның қызметін отандық ақпараттық кеңістікте және шет елдерде электрондық, баспа БАҚ-та және телевизияда жариялау мен ілгерілету бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу | Қаржыминіне ақпарат | үнемі | АҚДМ, СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша) |
67-5 | Қоса инвестициялау қағидаты бойынша қызмет атқаратын Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялау қорын құру арқылы инвестиция тарту және оны АХҚО аумағында оқшауландыру | Қаржыминіне ақпарат | 2019 жылғы ақпан | СІМ, ҰЭМ, "KAZAKH INVEST ҰК" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
67-6 | АХҚО Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен "Protecting business and investments" жобасы шеңберінде инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау мен қолдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл процесін пысықтау және белсенді ынтымақтасу | меморандум, келісім | үнемі | МҚІСҚА (келісім бойынша), "АХҚО" Әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
67-7 | Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші электрондық салықтық қызметтерді алуға және салықтық міндеттерін орындауға арналған веб-қосымшаның ағылшын тілді нұсқасын енгізу | пайдалануға беру актісі (хаттамасы) | 2021 жылғы наурыз | Қаржымині , "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
67-8 | "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 6-бабында көзделген салық жеңілдіктерін көрсету мақсатында корпоративтік табыс салығы, басқа да салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық есептілігі нысандарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу | КТС бойынша декларация, "Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)" Салық есептілігін жасау қағидалары, өзге де салық есептілігі нысандары | 2019 жылғы желтоқсан | Қаржымині , "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
67-9 | АХҚО-да мемлекеттік кірістер органдары "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынатын қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | іссапарға жіберу туралы бұйрық | 2019 жылғы қаңтар | Қаржымині , "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
6. Іс-қимыл жоспарын іске асыру | ||||
68 | 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында АХҚО, оның ішінде оның органдарын, ұйымдарын, қатысушыларын және әріптестерін орналастыру үшін, тиісті жалдау шартына қол қойылған күннен бастап 2 жылға дейінгі мерзімге босата отырып, С-3 және С-4 павильондарын жалға беру жөнінде шаралар қабылдау | Қаржыминіне ақпарат | 2019 жылғы қаңтар | "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині , "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
69 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | |||
70 | АХҚО юрисдикциясына "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенін қосудың орындылығын талдау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы қыркүйек | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
71 | АХҚО-ны қолдау және қаржылық білім беру үшін АХҚО Академиясын құру | АХҚО Академиясын тіркеу | 2018 жылғы қаңтар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
72 | Үзіліссіз кәсіби даму бюросының базасында оқуға шартты гранттар мен сертификаттаудың халықаралық бағдарламалары (мысалы, CFA, FRM, АССА, CIA және басқалар) бойынша емтихандар тапсыруды қаржыландыру үшін жыл сайынғы қаражат бөлуге арналған мамандандырылған білім беру қорын қалыптастыру | АХҚО Басқару кеңесінің хаттамасы |
үнемі | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
73 | Қаржы орталығын дамыту жөніндегі шетелдік әріптеске (мысалы, Дубай, Сингапур, Гонконг) "АХҚО әкімшілігі" АҚ-ның акцияларын иелену үлесін ҰБ-ның тікелей бағынуынан шығара отырып, беру мүмкіндігін қарау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы шілде | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
74 | Күтілетін нәтижелерге сәйкес АХҚО-ны дамытуға жауапты (жалпы алғанда немесе бағыттар бойынша) қызметкерлерге НТК белгілеу | АХҚО актісі | 2017 жылғы қазан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
75 | Жобаны басқару офисінің (ЖБО) командасын қалыптастыру үшін жеткілікті құзыреті бар команданы тағайындау немесе жалдау | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы қазан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
76 | ЖБО-ға жоба барысына мониторинг жүргізу және қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті өкілеттіктерді бекіту | Қаржыминіне ақпарат | 2017 жылғы қазан | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
77 | ЖБО жұмысының регламентін қалыптастыру: 1) ЖБО қызметкерлерінің міндетін сипаттау; 2) ЖБО құрылымдарының өз арасында және АХҚО-ны дамытуға тартылған өзге де қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау процесін сипаттау (жиілігі, құрамы, күн тәртібі, құжаттары, нәтижелері) |
Қаржыминіне ақпарат Қаржыминіне ақпарат |
2017 жылғы қазан 2017 жылғы қазан |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша) |
78 | Үкіметке ұсыну үшін Іс-қимыл жоспарын және оған қоса берілген Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірыңғай қорытынды есепті қалыптастыру (әрбір жарты жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардан барлық есептерін шоғырландыру) | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, 1 наурыз және 1 қыркүйек |
Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ИИДМ, СІМ, ІІМ, БҒМ, ЭМ, АҚДМ, Еңбекмині, МСМ, ЦДИАӨМ, СИМ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҰҚК (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша) "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:
Ескертпе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.01.2019 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес (08.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) Ескертпе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ – "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы
"АХҚО әкімшілігі" АҚ – "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы
"АХҚО Биржасы" ЖК – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Биржасы" жеке компаниясы
АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
АХҚО ХТО – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік сот орталығы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
БК – басқарушы компания
"Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ЕҚДБ – Еуропа қайта құру және даму банкі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖБК – жобаны басқару кеңсесі
Полная версия