Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2018
"Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектег № 493 бұйрығы.
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 қазанда № 14323 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 26.02.2018 ж. № 294 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен белгіленген мағынада қолданылады.
Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомаларының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің лауазымды тұлғасы түсініледі.»;
«3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылады.
Кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
Карточканның бірінші данасы, оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады;
екінші данасы, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.»;
Полная версия
ИС BestProfi