Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 6 бұйрығы
Редакция 06.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 05.04.2017 жылғы № 72 Қаулысымен (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық бюроның интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның басшысы Т.М. Татубаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 13 қазандағы № 6 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды Агенттіктің құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Ұлттық бюро өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық бюро республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Ұлттық бюро азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Ұлттық бюроның, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
6. Ұлттық бюро өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Ұлттық бюро басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілерді қабылдайды.
7. Ұлттық бюроның құрылымы мен штат санының лимитін Ұлттық бюро басшысының ұсынуы бойынша Агенттік төрағасы бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi