Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.11.2015
Ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері орындайтын жұмыстарға уақыт нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 859 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2015 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері орындайтын жұмыстарға уақыт нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке, Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) және Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері орындайтын
жұмыстарға жұмсалатын   уақыт нормалары
Уақыт нормалары ішкі істер орган дары жүйесінің бөліністерінде қолдану үшін арналған.
Уақыт нормалары ішкі істер органдарының тергеушілері мен анықтаушылардың нормативтік жүктемесін анықтау үшін негіз болып табылады.
• Хронометражды байқаулардың негізінде жұмыс уақытын жұмсауды зерттеу материалдары;
• Тергеушілер мен анықтаушылардың қызметін сараптамалық бағалаудың деректері;
• Тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысының еңбек сыйымдылығына ықпал ететін негізгі факторларды сипаттайтын статистикалық деректер;
• Еңбекті мөлшерлеуді ұйымдастыру бойынша материалдар, ұсыныстар;
• Тергеушілер мен анықтаушылардың қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер қажет.
Нормалар жұмыс көлемінің қабылданған бірлігіне жұмыстардың түрлері бойынша сағаттарда белгіленген.
Уақыт нормалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға жүктелген өз құзыреті шегінде тергеушілер мен анықтаушылар орындайтын жұмыстарға же дел уақыттан 10% мөлшерінде дайындық-қорытынды жұмыстарды, жұмыс орнына қызмет етуді, демалысты және орындаушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып бекітілген:
Полная версия
ИС BestProfi