Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2018
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.07.2018 жылғы № 444 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне берсін.
6. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 18 қазандағы
 № 594 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы
 ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің  27.09.2017 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi