Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 2-2/425 бұйрығы
Редакция 27.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 -2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 2-2/425 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының  
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырда № 09-2/244 бұйрығы
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 маусым № 2-2/310 бұйрығы
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 2-2/24 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 2-2/425 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және
  көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі
2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.12.2015 жылғы № 2-2/1056 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің 05.04.2016 жылғы № 155 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (05.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)

р/с № (р/с № ҚР ҮК 14.04.15 № 234)

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындау және ақпаратты ұсыну мерзімі

1

2

3

4

5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

1 (5)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызмет туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында арнайы бөлімнің жұмыс жасауын қамтамасыз ету

МҚІА-ға ақпарат

ІАБД,

ҚББ, ОШЖДК,

СРК, ВБҚК, АӨКМИК, ЖРБК

жыл сайын

25 желтоқсанға дейін

2 (16)

Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алу туралы деректерінің негізінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының шашыраңқылығын болдырмайтын «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің бағалар модулін пысықтау

Қаржыминіне ақпарат

КӘҚЕД,

ОШЖДК, СРК, ВБҚК, АӨКМИК, ЖРБК

2016 жылғы

4-тоқсан

3 (17)

Тарифтік сметаны, тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің өтініміне қоса берілетін құжаттар тізбесін қысқарту (отыздан жиырмаға дейін)

ҰЭМ-ге ақпарат

СРК

2016 жылғы

4-тоқсан

4

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру туралы мемлекеттік қызмет қағидаларына, стандартына және регламентіне мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және/немесе «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы көрсету және мерзімін қысқарту бөлігінде өзгерістер әзірлеу

Бұйрық

ТҚД, ВБҚК, МҚДАТД

2017 жылғы

4-тоқсан

5

Мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру бойынша қабылданған шешімдердің айқындығын жоғарлатуға қатысты заңға тәуелді нормативтік актілерге егжей-тегжейлі талдау жүргізу, жергілікті атқарушы органдар бекіткен барлық мемлекеттік қызмет регламенттеріне мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасау

ЖХ-ға ақпарат

ІАБД (жинақтау), ӨШӨӨҚӨД, МШӨӨҚӨД, ТӨД, ТҚД, СЖТД, ИСҚҚД, АӨКМИК, ВБҚК, ОШЖДК, СРК, ЖРБК

Жыл сайын, желтоқсан (мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді қажет еткен жағдайда)

6

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Ақпарат

ІАБД

2017 жылғы

3-тоқсан

Квазимемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

7 (33)

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін облыстар бойынша ЖЖМ көлемдерін айқындау және бөлу

ЖЖМ жеткізу және көлемін бөлу кестесі

ӨШӨӨҚӨД

жыл сайын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

8 (49)

Онлайн режимінде видеоконференция, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу

хаттама

ІАБД, КӘҚЕД, ОШЖДК, СРК, ВБҚК, АӨКМИК, ЖРБК

Әрдайым жылдың ішінде

9 (49)

Табиғатты пайдаланушылардың қызметін ҚР заңнамасына сәйкес келтіру мәселелері бойынша (салалар және құзыреттер бойынша) бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымды жүзеге асыру

БАҚ-та жарияланым

ОШЖДК

тоқсан сайын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

10 (58)

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспары ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз ету

МҚІА-ға ақпарат

ІАБД

2017 жылғы

3-тоқсан

Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау

11 (61)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалуына мониторинг пен бағалау жүргізуді қамтамасыз ету

МҚІА-ға ақпарат

ІАБД

жылдың қорытындысы бойынша жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей

12 (63)

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

МҚІА-ға ақпарат

ІАБД, ОШЖДК, СРК, ВБҚК, АӨКМИК, ЖРБК мүдделі ҚБ

жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша 1 сәуірден кешіктірмей

13 (64)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру

МҚІА-ға ақпарат

ІАБД, ҚББ, ОШЖДК, СРК, ВБҚК, АӨКМИК, ЖРБК мүдделі ҚБ

жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей

БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
МҚІМ - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
ИСҚКД - Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті;
СЖТД - Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті;
МҚДАТД - Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті;
ІАБД - Ішкі аудит және бақылау департаменті;
ӨШӨӨҚӨД - Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті;
МШӨӨҚӨД - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті;
ТҚД - Тамақ қауіпсіздігі департаменті;
ҚҚЕД - Құқықтық қамтамасыз ету департаменті;
КӘҚЕД - Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті;
АӨКМИК - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
ВБҚК - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
ОШЖДК - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
ЖРБК - Жер ресурстарын басқару комитеті;
Полная версия
ИС BestProfi