«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 2-2/310 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 2-2/425 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығына мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 2-2/310 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/44 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
| № р/с | № СБ тармақтары | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау және ақпаратты ұсыну мерзімі |
| 1 | 2 | Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру | ЭБЖМ-ға ақпарат | МҚДАТД (жинақтау), мүдделі құрылымдық бөлімшелер | Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей |
| 2 | 8 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында мемлекеттік органдардағы автоматтандырылған деректер базасын біріздендіру және дамыту | ЭСЖҚА-ға ақпарат | МҚДАТД (жинақтау), құрылымдық бөлімшелер | Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей |
| 3 | 9 | Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша медиа жоспарларды бекіту, МАМ-не ақпарат | ІАБД (жинақтау), ҚББ, КӘҚЕД, комитеттер, барлық құрылымдық бөлімшелер | Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей |
| 4 | 10 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу | Интернет конференциялар, «тікелей желілер», МАМ-не ақпарат | ҚББ (жинақтау) мүдделі құрылымдық бөлімшелер | Тұрақты |
| 5 | 18 | «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту | ЭСЖҚА-ға ақпарат | КӘҚЕД (жинақтау), ІАБД комитеттер | Жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей |
| 6 | 22 | Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу | ЭСЖҚА-ға ақпарат | ҚББ | Есепті жылдың 20 маусымынан және келесі есепті жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей |
| Кездесулер | ӨШӨӨҚӨФКД МД ИСҚКД ЭИААТНД ВТҚД АӨК ҒКҚД АӨК МИК ВБҚК | Тұрақты | |||
| 7 | 44 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін әзірлеу және бекіту | Министрлік бұйрығы | МҚДАТД (жинақтау) департаменттер | 2013-2014 жылдардағы 4-тоқсан |
| 8 | 53 | Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін анықтау | ЭБЖМ-ға ақпарат | МҚДАТД (жинақтау) ІАБД | 2013 жылғы 2-тоқсан |
| 9 | 58 | Барлық рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толық тізбесін ескеретін Рұқсат беру құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімін құру | ЭБЖМ-ға ұсыныстар | МҚДАТД (жинақтау) мүдделі құрылымдық бөлімшелер | 2014 жылғы 2-тоқсан |
| 10 | 60-3 | Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, қоғамға барынша кеңінен тартуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару | ЭСЖҚА-ға ұсыныстар | ІАБД (жинақтау), комитеттер, барлық құрылымдық бөлімшелер | 2014 жылғы 3-тоқсан |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі;
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
МҚДАТД - Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті;
ІАБД - Ішкі аудит және бақылау департаменті;
КӘҚЕД - Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті;
АӨК ҒКҚЕД - АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті;
ӨШӨӨҚӨФКД - Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті;
ҚББ - Қоғаммен байланыс басқармасы;
ВТҚД - Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті;
ЭИААТНД - Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті;
ИСҚҚД - Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті;
МД - Мелиорация департаменті;
АӨК МИК - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
ВБҚК - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

