Близость слов: Окончание:





Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қазанда № 14365 болып тіркелді
Редакция 05.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.08.2025 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (25.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидаларға 2-қосымша болып табылатын Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің төлемдер белгілеу кодтары 014, 031, 089, 090, 093, 098 және 099 операцияларының атаулары тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатыны белгілене отырып, тиісті төлемдер белгілеу кодтары бар көрсетілген операциялар атауларының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«014 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысы сомасынан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
031 Банктің жаңылысып төлеген төлемдерін қайтаруы, оралмандарға біржолғы төлемдерді қайтару, банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару
089 Тұрғылықты жері белгісіз бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары
090 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы
093 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару
098 Тұрғылықты жері белгісіз бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
099 Басқа да төлемдер
099 Оралмандарға біржолғы төлемдер
099 Банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер
099 Осы бөлімде ескерілмеген өзге басқа да төлемдер (жәрдемақылар)».
Қағидаларға 2-қосымша болып табылатын Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің төлем белгілеу коды 021 операцияның атауы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат және коммуникация министрлігі 
Министр _____________ Д. Абаев 
2016 жылғы 15 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрлігі 
Министрдің м.а. _____________ Б. Нұрымбетов 
2016 жылғы 26 қыркүйек
Полная версия
ИС BestProfi