Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 673 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес 
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 7 қарашадағы
 № 673 қаулысымен
 бекітілген
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидалары
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында әзірленеді.
3. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
4. Ұлттық баяндама Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына кіреді.
5. Ұлттық баяндама қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамаларын, антропогендік әсерлерді, мемлекеттік саясатты, статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпаратты талдауға негізделеді, экологиялық салалар мен аралас салалардың даму деңгейлерін көрсетеді, экологиялық проблемалар мен оларды шешудің мүмкін жолдарын айқындайды.
6. Уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтар айында орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсыну туралы сұратулар жібереді.
7. Мемлекеттік органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсынады.
8. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтауды, қорытуды, талдауды және мынадай:
1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызды экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы; 
3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтерді қамтитын Ұлттық баяндаманың жобасын қалыптастыруды ұйымдастырады.
9. Ұлттық баяндаманың жобасын қалыптастырған соң, уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін оны мемлекеттік органдарға келісу үшін жібереді.
10. Мемлекеттік органдар күнтізбелік он бес күн ішінде Ұлттық баяндаманың жобасымен келіседі немесе ұсыныстар мен лерді ұсынады. 
11. Уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде Ұлттық баяндама жобасын мемлекеттік органдарға қайта келісу үшін жібереді.
12. Мемлекеттік органдар Ұлттық баяндаманың пысықталған жобасын қайта келісу үшін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оны келіседі.
13. Ұлттық баяндаманың жобасы мемлекеттік органдармен келісілген соң, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қазанынан кешіктірмей сараптамалық бағалау үшін уәкілетті органның жанынан құрылған сараптамалық топтың (бұдан әрі – сараптамалық топ) қарауына шығарылады, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар мен жұртшылық өкілдері оның мүшелері бола алады.
14. Ұлттық баяндаманың жобасын сараптамалық топтың қарау нәтижесі бойынша Ұлттық баяндаманы жариялау туралы ұсынымдармен еркін нысанда қорытынды ресімделеді. 
15. Ұлттық баяндаманың жобасына сараптамалық топтың қорытындысы ол сараптамалық топтың қарауына келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
16. Ұлттық баяндама жобасы бойынша сараптамалық топтың қорытындысында лер мен ұсыныстар болған жағдайда, уәкілетті орган және мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық баяндаманың жобасы бойынша сараптамалық топтың лерін жояды және ұсыныстарын қарастырады.
17. Сараптамалық топтың қорытындысы және Ұлттық баяндаманың соңғы нұсқасы уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 желтоқсанына дейін жарияланады.
Полная версия
ИС BestProfi