2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 93-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 19-1/491 бұйрығы
1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова 2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев 2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.Школьник 2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 19-1 /491 бұйрығымен бекітілген
Республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесі
Р/с № |
Кен орындарының мен учаскенің атауы |
Орналасқан жері |
Жерасты суларының тұрпаты мен бальнеологиялық тобы |
Судың белгіленуі |
Ақмола облысы |
||||
1 |
Инка |
Красный Яр ауылы Шағалалы өзенінің сол жақ жағалауы |
Құрамында органикалық заттар бар әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті кальцийлі-магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
2 |
Қайнарлы-ІІ |
Астана қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 28 километр (бұдан әрі - км) |
Құрамында органикалық заттар бар әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Емдік-асханалық |
3 |
Құлагер-Арасан № 5429 ұңғыма |
Көкшетау қаласынан оңтүстік - шығысқа қарай 6 км |
Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті |
Емдік-асханалық |
4 |
Майбалық |
Бурабай кентінен шығысқа қарай 7 км |
Хлоридті натрийлі бромды тұздықтар |
Бальнеологиялық |
5 |
Сұңқар |
Зеренді көлінің оңтүстік жағалауы |
Араласқан әлсіз радонды |
Бальнеологиялық |
Ақтөбе облысы |
||||
6 |
Белогор № 3-Э ұңғыма |
Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 25 км |
Әлсіз минералдандырылған сульфаты магнийлі-кальцийлі |
Емдік-асханалық |
7 |
Белогор № 4-Э ұнғыма |
Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 25 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» азотты күшті минералдандырылған хлоридті-натрийлі |
Бальнеологиялық |
8 |
Жыланды учаскесі № 15 ұңғыма |
Ақтөбе қаласы нан солтүстік - шығысқа қарай 15 км |
Күшті минералдандырылған хлоридті натрийлі йодты-бромды |
Бальнеологиялық |
9 |
Жыланды учаскесі № 16 ұнғыма |
Ақтөбе қаласынан солтүстік - шығысқа қарай 15 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері жоқ» әлсіз минералдандырылған гидрокарбонатты-сульфатты натрийлі-магнийлі-кальцийлі |
Емдік-асханалық |
10 |
Шалқар |
Шалқар қаласы |
Азотты әлсіз минералдандырылған сульфатты-гидрокар бонатты-хлоридті натрийлі кремнийлі |
Емдік-асханалық |
Алматы облысы |
||||
11 |
Ақсай |
Алматы қаласының шығыс жақ шетінде |
Азотты әлсіз минералдандырылған және аз минералдандырылған хлоридті кальцийлі-натрийлі термалар |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
12 |
Албан-Арасан |
Шонжы ауылы нан шығысқа |
Әлсіз минералдандырылған әлсіз сілтілі термалды хлоридті-гидрокарбонатты- сульфатты натрийлі термалар |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
13 |
Алма-Арасан |
Алматы қаласынан оңтүстік - батысқа қарай 25 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған әлсіз радонды сульфатты-гидрокарбонатты магнийлі-натрийлі кремнийлі термалды |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
14 |
Алматы, «Алматы» санаторийі |
Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 3 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған хлоридті кальцийлі-натрийлі |
Бальнеологиялық, емдік ауыз су |
15 |
Алматы, Жоғарғы Каменка учаскесі |
Алматы қаласынын оңтүстік батыс шеті |
Құрамында бром мен органикалық заттардың мөлшері көп азотты аз минералдандырылған жоғары термалды хлоридті натрийлі- кальцийлі |
Бальнеологиялық |
16 |
Алматы, Көктем учаскесі |
Алматы қаласының оңтүстік шеті |
Әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты натрийлі сульфатты натрийлі кремнийлі фторлы термалар |
Бальнеологиялық |
17 |
Алматы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі санаторийінің учаскесі |
Алматы қаласының оңтүстік шеті |
Әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты натрийлі кремнийлі фторлы әлсіз радонды термалар |
Бальнеологиялық |
18 |
Алматы, Покровка учаскесі |
Алматы қаласының солтүстігіне қарай 6 км |
Азотты-метанды әлсіз минералдандырылған гидрокарбонаты хлоридті-натрийлі фторлы термалды |
Бальнеологиялық |
19 |
Алматы, Пригородный учаскесі |
Алматы қаласының солтүстік - батыс шетінде |
Азотты орташа минералдандырылған хлоридті кальцийлі-натрийлі йодты-бромды термалар |
Бальнеологиялық |
20 |
Алматы, Түрген учаскесі |
Түрген кенті |
Хлоридті натрийлі йодты-бромды тұздық |
Бальнеологиялық |
21 |
Қапал - Арасан |
Арасан-Қапал ауылы |
Азотты әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты натрийлі әлсіз радонды кремнийлі термалар |
Бальнеологиялық |
22 |
Қорам |
Алматы қаласынан шығысқа қарай 125 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті, кальцийлі-натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
23 |
Қу-Арасан |
Көктал ауылынан солтүстікке қарай 23 км |
Әлсіз минералдандырылған әлсіз радонды кремнийлі хлоридті-сульфатты-натрийлі |
Бальнеологиялық |
24 |
Тау-Түрген |
Алматы қаласынан оңтүстік - шығысқа қарай 30 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» азотты әлсіз минералдандырылған сульфатты кальцийлі-натрийлі әлсіз термалды |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
Атырау облысы |
||||
25 |
Сарыбұлақ |
Құлсары кентінен оңтүстік шығысқа қарай 70 км |
Құрамында органикалық заттар көп әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Емдік-асханалық |
Батыс Қазақстан облысы |
||||
26 |
Ақжайық, № 21-Ц ұңғымасының учаскесі |
Орал қаласынан оңтүстікке қарай 50 км |
Аз минералдандырылған хлоридті магнийлі-натрийлі темірлі |
Емдік ауыз су |
27 |
Ақжайық, № 41-Ц ұнғымасының учаскесі |
Орал қаласынан оңтүстікке қарай 50 км |
Құрамында бром көп күшті минералдандырылған хлорлы натрийлі |
Бальнеологиялық |
28 |
Подстепное |
Орал қаласынан оңтүстікке қарай 18 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған гидро-карбонатты-хлорлы магнийлі-кальцийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
Жамбыл облысы |
||||
29 |
Мерке |
Мерке ауылынан оңтүстікке қарай 14 км |
Әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі орташа және жоғары радонды |
Бальнеологиялық және емдік ауыз су |
30 |
Ұзынбұлақ - Арасан |
Қаратау қаласынан солтүстік - батысқа қарай 2 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты кальцийлі |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
Қарағанды облысы |
||||
31 |
Жартас |
Қарағанды қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 50 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік ауыз су |
32 |
Жосалы |
Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 160 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған сульфатты кальцийлі-натрийлі темірлі |
Бальнеологиялық |
33 |
Қаражал |
Қаражал қаласынан оңтүстік - шығысқа қарай 7 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті-магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
34 |
Құйын (Шалғия) |
Қаражал қаласынан оңтүстікке қарай 50 км |
Әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты-гидрокар бонатты кальцийлі-натрийлі әлсіз радонды |
Бальнеологиялық |
35 |
Темірсу |
Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 160 км |
Әлсіз минералдандырылған сульфатты магнийлі-кальцийлі темірлі |
Емдік ауыз су |
36 |
Шахтерское |
Қарқаралы қаласынан оңтүстік - батысқа қарай 5 км |
Қарапайым кұрамды әлсіз радонды |
Бальнеологиялық |
Қостанай облысы |
||||
37 |
Горняк |
Аманқарағай кентінен солтүстік - батысқа қарай 2 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған хлоридті сульфатты натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік ауыз су |
38 |
Колос |
Щербаков кентінен солтүстік - батысқа қарай 6 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Емдік ауыз су және асханалық |
39 |
Озерное |
Белоглин кентінен шығысқа қарай 9 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» азотты аз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік ауыз су |
40 |
Притобольское |
Тобыл станциясынан солтүстік батысқа 7 км |
Сульфатты-хлоридті-натрийлі (магнийлі-натрийлі) |
Асханалық |
41 |
Прогресс |
Қостанай қаласы |
Сульфатты-хлоридті-натрийлі |
Асханалық |
42 |
Щербаков «Сосновый бор» |
Сосновый бор кентінен солтүстікке қарай 4 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты натрийлі |
Емдік ауыз су |
Қызылорда облысы |
||||
43 |
Арал |
Арал қаласы |
Құрамындағы бромы көп азотты орташа минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі |
Бальнеологиялық |
44 |
Жаңақорған |
Жаңақорған кентінен оңтүстік шығысқа қарай 2 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» азотты әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты магнийлі-кальцийлі- натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
Маңғыстау облысы |
||||
45 |
Ералы |
Ералы кентінің шетінде |
Құрамында органикалық заттары көп аз минералданған сульфатты-хлоридті- натрийлі |
Бальнеологиялық |
46 |
Сад-Дубов |
Түпқараған түбегінің батыс шетінде |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» аз минералдандырылған хлоридті-натрийлі |
Емдік-асханалық |
47 |
Шевченко |
Ақтау қаласы, Каспий теңізінің шығыс жағалауы |
Хлоридті натрийлі бромды тұздықтар |
Бальнеологиялық |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
||||
48 |
Манкент |
Шымкент қаласынан солтүстік шығысқа қарай 25 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі термалар |
Бальнеологиялық |
49 |
Сарыағаш |
Сарыағаш қаласы, «Сарыағаш» курорты |
Құрамында кремний қышқылы көп азотты әлсіз минералдандырылған хлоридті-гидрокарбонатты натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
50 |
Түркістан |
Түркістан ауылынан оңтүстікке қарай 3 км |
Құрамында органикалық заттары көл аз минералдандырылған сульфатты-хлоридті натрийлі кремнийлі термалар |
Бальнеологиялық |
51 |
Шымкент |
Темірлан ауылы |
Азотты әлсіз минералдандырылған сульфатты-гидрокар-бонатгы натрийлі термалар |
Емдік-асханалық |
Павлодар облысы |
||||
52 |
«Арго» учаскесі |
Павлодар қаласының оңтүстік бөлігі |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
53 |
«Бастау» (Жақсылық) учаскесі |
Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған азотты гидрокарбонатты- хлоридті-сульфатты натрийлі |
Емдік-асханалық |
54 |
«Жеті ағайын» учаскесі |
Павлодар қаласының солтүстік бөлігі |
Құрамында йод көп әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
55 |
Мойылды |
Павлодар қаласынан солтүстік - шығысқа қарай 10 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты натрийлі |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
56 |
«Роса» учаскесі |
Павлодар қаласының орталық өнеркәсіптік аймағы |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған азотты гидрокарбонатты- хлоридті-сульфатты натрийлі |
Емдік-асханалық |
Солтүстік Қазақстан облысы |
||||
57 |
Асан |
Асан темір жол станциясынан солтүстік шығысқа қарай 5 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған сульфатты-гидрокарбонатты-хлорлы магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
58 |
Благовещенка |
Благовещенка кентінен оңтүстік шығысқа қарай 1,5 км |
Әлсіз минералдандырылған сульфатты-хлоридті гидрокарбонатты кальцийлі-натрийлі |
Бальнеологиялық |
59 |
Қызылжар |
Петропавл қаласынан оңтүстік батысқа қарай 2 км |
Құрамында радон көп күшті минералдандырылған хлоридті натрийлі йодты-бромды |
Бальнеологиялық |
60 |
Раушан - Арасан |
Петропавл қаласынан солтүстік шығысқа қарай 15 км |
Әлсіз минералдандырылған кремнийлі гидрокарбонатты-сульфатты-хлоридті магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
Шығыс - Қазақстан облысы |
||||
61 |
Арасан - Талды |
Зайсан қаласынан батысқа қарай 30 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған әлсіз радонды хлоридті-сульфатты кальцийлі-натрийлі кремнийлі гипертерма |
Емдік-асханалық |
62 |
Барлық - Арасан |
Мақаншы кентінен оңтүстік - шығысқа қарай 110 км |
Азотты әлсіз минералдандырылған хлоридті-сульфатты кальцийлі-натрийлі кремнийлі термалар |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |
63 |
Жеменей |
Зайсан қаласынан оңтүстік - батысқа қарай 17 км |
«Ерекше құрамдас бөліктері мен қасиеттері жоқ» әлсіз минералдандырылған гидрокарбонатты-сульфатты магнийлі-натрийлі |
Емдік-асханалық |
64 |
Рахманов қайнары |
Язовка ауылынан 19 км |
Азотты әлсіз радонды гидрокарбонатты натрийлі кремнийлі термалар |
Бальнеологиялық және емдік-асханалық |