Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес, 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда
Редакция 14.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып қайта аталсын.
4. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.04.2017 жылғы № 223 Қаулысына сәйкес (13.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулының 4-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.07.2018 жылғы № 405 Қаулысына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.04.2017 жылғы № 223 Қаулысына сәйкес (13.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.07.2018 жылғы № 405 Қаулысына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 қаулысымен
бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi