Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14419 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-3) тармақшасына, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
2) Қағидалардың жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бөлігіндегі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының жетінші бөлігін, 16, 35, 36, 38, 40, 42, 60-тармақтарын және 80-тармағының 4) тармақшасын;
3) Қағидалардың 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 72-тармағының екінші бөлігін, 79-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.