Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.09.2018
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 қарашада № 14411 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 27 қыркүйектен бастап ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1441 бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 47-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 1007 бұйрығына 1-қосымша
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

Нормативтік құқықтық актінің деректемелері:

Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және нысаны

 

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған орган:

 

Мемлекеттік органның атауы

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі:

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының нақты нормасына сілтеме

 

Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеуге келіп түскен күні:

Әділет органдарына Нормативтік құқықтық актінің келіп түскен күні

Нормативтік құқықтық актіге жүргізілген заң сараптамасының нәтижелері бойынша осы нормативтік құқықтық акт азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтіні анықталды.
Сондай-ақ, осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.
  1) ______________________________________________________________________________
  ________________________________________________________________________________
  _________________________________________________________________________________ тіркеуді;
(Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және нысаны) 
  2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № ___ енгізуді;
3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін нормативтік құқықтық актінің бір данасы (төлнұсқалар) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
  _________________________________________________________________________________
  _________________________________________________________________________________
  (мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауы) ресми жариялау міндеттемесімен жіберуді (егер тіркелген нормативтік құқықтық акт ресми жариялануға жатса);
4) нормативтік құқықтық актінің бір данасын (көшірмелерін) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен Республикалық (өңірлік) құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
5) актінің бір данасын (көшірмелерін) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
  ________________________________________________________________________________
  ________________________________________________________________________________
  (әділет органының атауы) қалдыруды мүмкін деп есептеймін.
  ____________________________ ____________________ _______________________________
       (қорытындыны дайындаған               (қолы)                               (тегі және аты-жөні)
Құжаттарды алған кезде әділет органында қалатын қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындылар даналарында мыналар толтырылады:

 

Мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымы

А.Ж.Т. (болған жағдайда)

Күні

Қолы

Төлнұсқалар

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 1007 бұйрығына 2-қосымша
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі

Мемлекеттік тіркеу күні

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы

НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған күні

Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ға өзгеріс (-тер) және/немесе толықтыру (-лар) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ны (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

Эталондық бақыла у банкінде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

Сот шешімінің күні мен нөмірі, сондай-ақ Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ны мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні

Өзге мәліметтер

Ескертпе: Тізілімді толтыру жөніндегі түсініктеме Тізілімге қосымшада көрсетілген.
Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізіліміне
қосымша
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме
1. Тізілім тігілген, нөмірленген, Тізілімді жүргізуге жауапты адамның қолы қойылған және тиісті органның мөрі қойылған журналды білдіреді.
2. Журнал бөтен адамдардың қолжетімділігін шектейтін арнайы орында тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
3. Тізілімді жүргізуге жауапты адамды Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, аумақтық органдарда - тиісті аумақтық органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам тағайындайды.
4. Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хронологиялық тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
5. Тізілімге жазбалар нақты, түсінікті жазылып, қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, сызып тастауға және басқа да түзетулерге жол берілмейді.
6. «Өзге мәліметтер» бағанында заң сараптамасын жүргізген әділет органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ Тізілімнің республикалық (өңірлік) бөлімін жүргізу барысында туындауы мүмкін өзге де мәліметтер енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 1007 бұйрығына 3-қосымша
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

______________ облысының/қаласының Әділет департаменті

 

Нормативтік құқықтық акті 20__ жылғы «____»

__________ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № ___________ болып енгізілді

Мөртабан өлшемі: ұзындығы 7 см, ені 3,5 см
Полная версия
ИС BestProfi