Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 10.09.2022 жылғы № 1005 Жарлығына сәйкес   
Редакция 20.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тиісті шешімдерді әзірлеу кезінде Тұжырымдаманың негізгі ережелерін басшылыққа алсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
 № 385 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
 қалыптастыру және пайдалану
 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы мемлекеттің жаңа жаһандық нақты ахуалда одан әрі даму басымдықтары айқындалған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тәсілдерін айқындау елдің болашақ ұрпағы үшін мұнай кірістерін сақтаудың және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарығы конъюнктурасының өзгеруіне тәуелділігін төмендетудің жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған саясаттың нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде валютаның шамадан тыс келуін зарарсыздандыру, теңгенің айырбас бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етілді. Дағдарысқа қарсы саясат жүргізілді, оның шеңберінде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат пайдаланылды, ол қаржы секторын тұрақтандыруға, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
2010 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қазақстандық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген мемлекеттің контрциклдық саясатының негізгі және тиімді құралы болды.
Тұжырымдаманың тәсілдері республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тіркеуді және оны экономикадағы жағдайға байланысты 15 %-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына қарай түзету мүмкіндігін көздеді. Сондай-ақ Ұлттық қор қаражатының азайтылмайтын қалдығы жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) 20 %-ы мөлшерінде айқындалды, ол кейіннен ЖІӨ-нің 30 %-ына дейін ұлғайтылды.
Тұжырымдама Ұлттық қордың валюталық активтерін сақтауға және көбейтуге (2010 жылдан бастап 2014 жылдың соңында 2,3 есеге 73,2 млрд. АҚШ долл. дейін) және бұл ретте 2014 - 2015 жылдары аса маңызды дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
2015 жылдан бастап мұнайдың әлемдік бағасының екі есе төмендеуіне байланысты Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдер елеулі түрде қысқарды. Егер 2011 - 2014 жылдары мұнай секторы ұйымдарынан 3,4 - 3,5 трлн. теңге түссе, ал 2016 жылы түсімдер 1,3 трлн. теңге мөлшерінде күтілуде.
Полная версия
ИС BestProfi