Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 480 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 14553 болып тіркелді
Редакция 23.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 __________ Б. Сұлтанов
 2016 жылғы « »________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 480 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12487 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«5. Егер МЖӘ объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылған жағдайда МЖӘ объектісі мемлекеттік меншікке берілуге тиіс.»;
«9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған сәті «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады.
Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
Жекеше әріптес МЖӘ объектісін мемлекеттік әріптеске тиісті техникалық жағдайда беруді қамтамасыз етеді.»;
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (03.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес  (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 480 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік объектілерін
мемлекеттік меншікке
қабылдау қағидаларына
қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі

р/с №

Құжаттың атауы

1.

МЖӘ шарты

2.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісі

3.

Жекеше әріптестің құрылтай құжаттарының, жекеше әріптестің әділет, салық және статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері

4.

Жекеше әріптестің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісінің баланстық құнын растайтын құжат

5.

МЖӘ объектісінің техникалық жай-күйі туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 480 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (03.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 480 бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (03.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi