Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.07.2021 жылғы № 511 Қаулысына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2022 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.07.2021 жылғы № 511 Қаулысына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді 16.10.2020 жылғы № 668 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.07.2021 жылғы № 511 Қаулысына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын, сондай-ақ Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы – азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабардар ету және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі;
2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – ашық НҚА интернет-порталы) – «электрондық үкімет» веб-порталының жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге ақпаратты «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орналастыруды қамтамасыз ететін құрамдасы;
3) ашық НҚА интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, баптауларды және ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;
4) «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)