Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14596 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 10.11.2017 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12 – бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171101001, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171101001, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112003, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112003, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112005, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112005, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Сауда базарлары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112004, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Сауда базарлары туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112004, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
9) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112002, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112002, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Тауар биржасының қызметі туралы еслеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112006, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112006, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12167 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Полная версия
ИС BestProfi