2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) әзірлеу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
2-тарау. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну тәртібі
3. Уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұратулар жібереді.
4. Мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсынады.
5. Ақпарат материалдармен (кестелер, диаграммалар, сызбалар, суреттер) толықтырылған талдамалық жазбахат түрінде қалыптастырылады және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау (қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамаларының серпіні, антропогендік әсер, ақпарат көзі көрсетілген статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпарат);
2) экологиялық проблемалар және оларды шешудің ықтимал нұсқалары;
3) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына шолу;
4) шешімдер қабылдау үшін негізгі қорытындылар, ұсынымдар және болжамдар.
6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.
Полная версия