Близость слов: Окончание:





Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2017 жылғы 8 ақпанда № 14778 болып тіркелді
Редакция 22.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес (17.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2022 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (18.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 ________________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы « 2 » ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
 ________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы « 2 » ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 08.01.2018 жылғы № 7 Бұйрығымен (01.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.07.2018 № 252 Бұйрығымен (08.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2018 жылғы № 97 Бұйрығымен (17.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.09.2020 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2022 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (18.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.08.2023 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (31.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi