Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.10.2015
Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 173 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.10.2015 жылғы № 986  Бұйрығына сәйкес
«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (І - кезең) 1-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. «Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 87 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 173 бұйрығына 1-қосымша
 Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  
 құрамы

Рау

Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, комиссия төрағасы;

Ержанов

Аманияз Қасымұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;

Кречетова

Ольга Владимировна

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі басқармасының басшысы, хатшы;

Арғандықов

Дәулет Рашидұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі (келісім бойынша);

Иманғалиев

Есенғазы Нұртөлеуұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (келісім бойынша);

Омаров

Сапархан Кесікбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (келісім бойынша);

Утепов

Эдуард Карлович

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Байбазаров

Нұрлан Серікұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша);

Мұханов

Төлеген Мұханұлы

-

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша);

Мұқалиев

Нұрлан Қимашұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры (келісім бойынша).

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 173 бұйрығына 2-қосымша
 Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы  
 ереже
1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Бағдарлама операторы - «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы;
құрал операторы - мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайызбен қатысатын заңды тұлға;
Комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен бекітілген «Өнімділік-2020» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруға қажетті құжаттарды қарастыру;
2) консалтингтік, тренингтік компаниялар, техникалық диагностика жөніндегі консультанттар және еңбекті нормалау жөніндегі консультанттар тізімін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) Бағдарлама операторының және құрал операторларының есептерін тыңдау;
5) Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Комиссия белгіленген тәртіпте және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тарта алады;
2) Белгіленген тәртіпте Комиссия басқаруына жататын қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан сұрата алады;
3) Отырыстарда Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдай алады;
4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарға ие бола алады.
6. Комиссия төрағасы өнеркәсіпті жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі болып табылады. Төраға жоқ болған уақытта, оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
7. Комиссия хатшысы өз қызметі шеңберінде мынаны жүзеге асырады:
1) Комиссия отырысын өткізуге дайындықты;
2) Комиссия күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарды дайындауды;
3) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізуді;
4) Комиссия отырыстарының хаттамалары мен материалдарын сақтауды және мұрағаттауды қамтамасыз етуді;
5) Комиссия мүшелерінің сұрауы бойынша Комиссия отырысына шығарылған мәселелерді шешу үшін қосымша материалдарды жинауды ұйымдастырады, және оны Комиссия жетекшісіне енгізеді.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның жұмыс отырысының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссия мүшелеріне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
9. Комиссия отырыстары қажеттіліктеріне қарай өткізіледі және, егер оның мүшелерінің жалпы санынан жартысынан аз емес бөлігі қатысса ол заңды деп саналады.
10. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру негізінде қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп саналады.
11. Дауыс беру комиссияның отырысында осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге мүмкіндігі бар, ол білдірілген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы тиіс.
13. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
14. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссияның мүшелеріне келісу үшін жібереді.
15. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
16. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
17. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
18. Комиссия өз қызметін Инвестициялар және даму министрінің шешімі негізінде тоқтатады.  
Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ережеге қосымша
Комиссия мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

күн тәртібінен алып тасталсын

ескертпе

1.


 


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: тікелей комиссияның отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi