Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2016
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2012 жылғы № 738 Қаулысымен (01.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 254 қаулысымен
бекітілген
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 жылғы № 999 Қаулысымен (14.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2012 жылғы № 738 Қаулысымен (01.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.03.2013 жылғы № 220 Қаулысымен (04.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1499 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)

Бағдарламаның атауы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтары

Бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламаның міндеттері

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Кластерлік бастамалардың дамуын қолдау.

Іске асыру мерзімдері

2011 – 2020 жылдары:

1-кезең – 2011 – 2014 жылдар, 2011 – пилоттық;

2-кезең – 2015 – 2020 жылдар.

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

2015 жылға дейін:

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындар қуатының орташа жүктелуін 70 %-ға дейін ұлғайту;

2018 жылға дейін:

Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындарда еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау; жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынның құзыретін арттыру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның технологиялық процестерін жетілдіру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

3 аумақтық кластер құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсету;

2020 жылға дейін:

Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындарда еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынның құзыретін арттыру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның технологиялық процестерін жетілдіру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

3 аумақтық кластер құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсету

Қаржыландыру көздері

Республикалық бюджетте 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 134 050 мың теңге, 2014 жылы – 126 670 мың теңге, 2015 жылы – 697 311 мың теңге, 2016 жылы – 697 311 мың теңге, 2017 жылы – 697 311 мың теңге, 2018 жылы – 697 311 мың теңге, 2019 жылы – 697 311 мың теңге, 2020 жылы – 697 311 мың теңге көзделген.

Келесі жылдардың республикалық бюджетінен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады.

«Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 23-ші жалпы отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.
Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді енгізу, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өте маңызды. Бірінші кезеңнің негізгі міндеті бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу болып табылады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кластерлік бастамалардың дамуын қолдау бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.
Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі шараларын қабылдау қажет.
Полная версия
ИС BestProfi