Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2016
«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«басқару және өндірістік технологиялар - белгілі бір алгоритм бойынша түрлі бейінді кәсіпорындарда орындалатын немесе өндірісті және еңбек өнімділігін тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған ғылымның, техниканың және қоғамның жалпы жетістіктерін пайдалана отырып ақпараттық, есептеушілік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-қимылдардан тұратын басқару және өндіріс үдерістерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар кешені.»;
«3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.»;
«7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде, Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:»;
«Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер» деген 3-кіші бөлімде бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.»;
«Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері» деген төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:
1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.
2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
5. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.»;
Бағдарламаның «Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту», «Инновациялық гранттар беру», «Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту», «Қазіргі заманғы басқару және өндірістік технологияларды енгізу» деген кіші бөлімдерінде:
«Құрал операторы - негізгі қызметінің мәні инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.» деген екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрал операторы - негізгі қызметінің мәні инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге және мемлекеттік қолдау шараларын беруге және/немесе елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу, оның ішінде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.»;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама әкімшісі құрал операторы мен қатысушылар арасында құралдарды беру туралы келісімдер негізінде құрал операторының шоттарына қаражатты аударады. Құралдарды беру туралы келісімдер шарттары қатысушылар тарапынан орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, құралдарды беру туралы жасалған келісімдер бойынша пайдаланылмаған қаражатты кейінгі қаржы жылында орындалмаған жобаны қаржыландыру үшін құрал операторы қайтадан бөледі немесе құрал операторы мақұлдаған басқа жобаларды қоса қаржыландыруға қайта бөлінеді.»;
Бағдарламаның «Қазіргі заманғы басқару және өндірістік технологияларды енгізу» деген кіші бөлімінде «басқару технологияларын» деген сөздер «басқару және өндірістік технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия