Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2016
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 220 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020»бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері | 2011 жылы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi заманғы басқару технологияларын енгізуге арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналғанбағдарламада және Елдiң 2020 жылға дейiнгі ғылыми-технологиялық дамуыныңсалааралық жоспарында көрсетiлген. Республикалық бюджеттен келесi жылдарды қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады»; |
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген5-бөлімде:
«Бағдарлама құралдары» деген4-кіші бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.»;
«Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi» деген6-бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.»;
7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
7. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)
Р/с № | Iс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзiмi | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздерi | Бюджеттiк бағдарлама нөмірі (егер бар болса) | |||||||
| | | | | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | | | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||
1. | Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру | ИЖТМ бұйрығы | ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар | 2011 жылғы наурыз | талап етiлмейдi | |||||||||
2. | Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу | құрал операторының шешiмi | құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) | 2011 жылғы наурыз | талап етiлмейдi | |||||||||
3. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы | ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) | 2011 жылғы қыркүйек | талап етiлмейдi | |||||||||
4. | Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрі өзектілендіру | ИЖТМ бұйрығы | ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) | 2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай | 92 810 | 103 367 | 116 000 | 116 000 | 116 000 | РБ | 011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» | |||
5. | Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрі өзектілендіру | ИЖТМ бұйрығы | ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия | 2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай | | | | | | | | |||
6. | Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау | ИЖТМ-ге ақпарат | «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) | келiп түсуiне байланысты | | | | | | | | |||
7. | Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткізу | сараптамалық қорытынды | «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi | келiп түсуiне байланысты | | | | | | | | |||
8. | Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы | құрал операторының шешiмi | құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) | келiп түсуiне байланысты | | | | | | | | |||
9. | Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу | ИЖТМ-ге ақпарат | «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) | үнемi | | | | | | | | |||
10. | Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу | ИЖТМ-ге ақпарат | «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) | үнемi | | | | | | | | |||
11. | Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну | шарттар | ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) | қажеттілігіне қарай | 672 100 | 30 000 | 187 500 | 187 500 | 187 500 | РБ | 011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» | |||
| | | | | 15 000 000 | | | | | РБ | 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру» | |||
| | | | | | 10 000 000 | | | | РБ | 052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орны орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру» |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
РБ - республикалық бюджет
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия