Весь документ
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт
Осы арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, __________________________________________________________________ негізінде (ереже немесе бұйрық) _________________________________(бұдан әрі — уәкілетті орган) әрекет ететін (уәкілетті органның атауы) ___________________________________________________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты) және _______________________________________________________ негізінде (Жарғы немесе сенімхат) ________________________________________________арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе еркін қойма иелері немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін жасасқан заңды тұлғамен
____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні)
(бұдан әрі – Заңды тұлға) атынан әрекет ететін _________________________________________________________ мыналарды:(басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты) 1) уәкілетті органға тікелей арнайы инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін; 2) Тараптар ___________________________________ (арнайы инвестициялық жобаның атауы) іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, төменде көрсетілгендер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы инвестициялық жоба – бұл Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген, немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген еркін қоймалар иелері, немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімін жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен іске асырылған жобалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен іске асырылған және (немесе) іске асырылып жатқан инвестициялық жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт;
3) технологиялық жабдық – арнайы инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі;
4) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі;
5) шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың технологиялық процесі арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі;
6) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
7) үшінші тұлға – арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
2. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні
2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні Заңды тұлғаға арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы Арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын технологиялық жабдықты, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ дайын өнім құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату түріндегі инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
3. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кіргізуге кедендік баж салудан босату:
1) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
Полная версия