Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 295-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 14806 болып тіркелді
Редакция 14.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген
Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарт
Келісімшарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2018 жылғы № 207 Бұйрығымен (07.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Келісімшарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 11-1-4/557 Бұйрығына сәйкес (30.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Келісімшарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 28.11.2019 жылғы № 11-1-4/631 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұр-Сұлтан қаласы_______________ (күні, айы, жылы)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы арнайы инвестициялық келісімшарт,
______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
атынан________________________________________________________,
Полная версия