«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-2-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қарашада № 37348 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Р. Исакулов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау Және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 477 Бұйрықтың 1-қосымшасы
Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары, мерзімдері мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 42-2-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы инвестициялық келісімшарт – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортты кедендік әкелім баждарын төлеуден және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатуды көздейтін шарт;
2) өтініш беруші – арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға немесе бұзуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) Бірыңғай үйлестіру орталығы – «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Полная версия

