Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық
 Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26
 желтоқсандағы № 304 қаулысына
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (12.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін нормативтік мәндер Заңның 46-бабына сәйкес белгіленеді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 190, 231 және 249-баптарына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын есептілік негізінде есептеледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (12.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Нормативтерді есептеу мақсаттары үшін сақтандыру резервтері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18290 болып тіркелген, «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (бұдан әрі – Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесі және олардың құрылымына қойылатын талаптар) сәйкес есептеледі.
1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін;
сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін қамтиды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтер:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін, өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін, активтерді әртараптандыру нормативтерін күн сайын сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Сақтандыру топтары үшін пруденциялық норматив сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі болып табылады.  
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері
5. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне сәйкес белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi