Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 26 желтоқсандағы 
№ 304 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес 
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, табыс ету мерзімдері
Редакция 28.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, табыс ету мерзімдері (бұдан әрі – Тізбе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесіне мыналар кіреді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есебі;  
күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы есеп;
тұрақтандыру резервін есептеу туралы есеп;
сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктігі нормативін орындау туралы есеп.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мынадай:
1) Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтердің орындауы туралы;
2) Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы;
3) Тізбеге 3-қосымшағасәйкес тұрақтандыру резервін есептеу туралы есептердің нысандарын ұсынады.
4. Сақтандыру топтары Тізбеге 4 сәйкес сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін орындау туралы есебінің нысанын, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелері, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттеріне 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне және 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталдың) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) есептеу белгіленбеген сақтандыру тобының қатысушылары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерін есептеуді ұсынады№
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын Тізбенің 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) тоқсан сайын Тізбенің 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) жыл сайын Тізбенің 2-тармағы 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанға дейін ұсынады.
6. Сақтандыру тобының бас ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Тізбенің 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті электронды форматта:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1 (бірінші)  күнінен кешіктірмей;
Полная версия
ИС BestProfi