Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 14792 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«4. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор) қоспағанда, осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымына, сондай-ақ есеп нысандары мен көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады».
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар тек ақпараттық сипатқа ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, бекіту, мониторингілеу, іске асырылуын бағалау, ұсыну қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«4. Компанияның даму жоспары акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындау құқығын беретiн заңды тұлғалардың даму жоспарларын ескере отырып әзiрленедi және инвестицияларды, кiрiстердi, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтердi (бюджетке аударылуға жататын таза кірістің бір бөлігін) қоса алғанда қаржы-шаруашылық қызметтiң мақсатын, мiндетін, нәтижелер көрсеткiштерiн және негiзгi шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткiштерiн, қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн және даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, осы Қағидаларға 2-қосымшаларға сәйкес көрсеткіштердің тізбесіне сәйкес көзделетін басқа да мәлiметтердi қамтиды.
Компанияның даму жоспарында қолданылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің толық тізілімі мен нысаналы мәні, оның ішінде акциялары (қатысу үлестерi) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындау құқығын беретiн заңды тұлғалардың борыш деңгейін компания айқындайды.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, Даму жоспары көрсеткіштерінің тізбесінде көрсетілген нысандар тек ақпараттық сипатқа ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.»;
«6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бесжылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешiктiрмей, мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын қарауға және келісуге енгізеді.
Тиiстi саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның, атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келісуге ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Полная версия
ИС BestProfi