Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсанындағы № 308 қаулысы
ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 9ақпанда № 14788 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 жылғы № 56 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.01.2026 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес (өзгерту 31.12.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгіленсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 жылғы № 56 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 жылғы № 56 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
Осы Нормалар мен лимиттердің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Пруденциялық нормативтердің және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына мыналар:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.07.2026 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (27.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)