Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 ақпанда № 37932 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін..
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 1 Қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. «Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін мынадай норманың қолданысы тоқтатыла тұрсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
33-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып:
«33. Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі банктерге келетін тәуекел мөлшерін қоспағанда, Ұйымның қарыз алушының міндеттемелері бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшерінің Ұйымның меншікті капиталына қатынасы k2 - 0,25-тен аспайды.
Екінші деңгейдегі банкте Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі болған жағдайда, Ұйымның екінші деңгейдегі бір банктің міндеттемелері бойынша екінші деңгейдегі бір банкке келетін тәуекел мөлшерінің Ұйымның меншікті капиталына қатынасы k2 - 0,5-тен аспайды.
Полная версия
ИС BestProfi