Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысы
Редакция 28.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы 51% мөлшерінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.03.2019 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2022 жылғы № 314 Қаулысына сәйкес (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2024 жылғы № 131 Қаулысымен (27.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-179-жолмен толықтырылсын:
«21-179. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 332-1-жолмен толықтырылсын:
«332-1. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлім және реттік нөмірі 359-1-жол алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (21.11.2022 жылғы редакцияны қараңыз)
4. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:
«42. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 936 Қаулысына сәйкес (01.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
6-бағанда:
реттік нөмірлері 14, 23, 25, 26, 80, 85-жолдардағы «KazNex Invest» ЭИҰА» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура және сөздер «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолындағы «KazNex Invest» ЭИҰА» АҚ» деген аббревиатура «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«KazNex Invest» ЭИҰА» АҚ – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ – «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 469 Қаулысына сәйкес (13.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.11.2022 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (18.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия