Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2019
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 469 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.03.2017 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов 
Полная версия
ИС BestProfi