«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 469 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.07.2019 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 12.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.07.2019 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.01.2024 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
«31) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу;
32) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қатысушыларымен (акционерлерімен), басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасасу;
33) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
34) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару;
35) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу;
36) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру;
37) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу;
38) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
39) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;
40) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының даму стратегиясында қаланған нысаналы индикаторларға қол жеткізуін мониторингтеу;
41) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде:
басқару, ішкі бизнес-процестер моделі мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына ендіру;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясын, арнайы экономикалық аймақтар үшін жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу (бюджетті жасау және шоғырландыру) бойынша ұсынымдарды (ұсыныстарды) тұжырымдау;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметкерлерін оқыту;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
жобаларға талдау жүргізу;
отандық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды халықаралық нарықта ілгерілетуді қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
42) уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету.».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 32-33, 186-құжат);
2) «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 9-10, 53-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия