Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2021
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2021 жылғы № 954 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 102 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);
14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;
17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;
4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;
5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;
6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;
3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;
7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;
8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;
12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;
13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;
13-тармақша қолданысқа енгізіледі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес
14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;
14-тармақша қолданысқа енгізіледі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес
15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.
15-тармақша қолданысқа енгізіледі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Осы Қаулының 2-тармағына сәйкес
1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;
2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;
11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;
12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.
Полная версия
ИС BestProfi