«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 ақпанда № 14818 болып тіркелді
Редакция 27.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіби аудиторлық және аудиторлық ұйымдардың тізбесі мен есептілікті ұсыну мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есептің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарына сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) аудиторлық ұйымдардың қызметтерінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есептің нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа [[7-қосымшаға| сәйкес;
8) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Кәсіби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы «www.dfo.kz» арқылы есептілікті электрондық форматта ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.01.2023 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (23.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар уәкілетті органға авторизациядан өткен сәттен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып қате пайда болған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып хабарлайды.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10877 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған) бұйрығы;
2) «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 4 тамыздағы № 428 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14198 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қазанда жарияланған) бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Полная версия