Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2022
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 19 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14888 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату [[қағидалары|1569357687] бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Сақтандыру (қайта cақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен сату ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 28 маусымдағы № 262 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1622 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 30, 476-бап жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 қантардағы № 19
қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрi – сақтандыру ұйымы) акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен жаңа инвесторға (инвесторларға) (бұдан әрі – жаңа инвестор) сату тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) акцияның бұрынғы иесi - сақтандыру ұйымының акционерi болып табылған және оның акцияларын осы Қағидаларға сәйкес уәкiлеттi орган мәжбүрлеп сатып алған тұлға;
2) акционер - осы Қағидаларда белгiленген талаптармен сатып алынған акциялар бойынша оған меншiк құқығы өткен заңды немесе жеке тұлға;
3) жаңа инвестор - осы Қағидаларда белгiленген талаптармен сатып алынған акцияларды сатып алу мәселесi жөнiнде уәкiлеттi органмен келiссөзге келген заңды немесе жеке тұлға;
4) сатып алынған акциялар - уәкiлеттi органның осы Қағидаларға сәйкес сатып алған сақтандыру ұйымының акциялары.
3. Сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды және оларды кейiннен жаңа инвесторға сатуды уәкiлеттi орган оның сақтанушыларының, сақтандырылған адамдарының, пайда алушыларының заңды мүддесiн қорғау және уәкiлеттi органның шешiмi (шешiмдерi) негізінде сәйкес сақтандыру нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу рәсімін сақтандыру ұйымының акцияларына меншік құқықтарының жаңа акционерге өтуiн қамтамасыз ету мақсатында қолданады және сатып алынатын акциялардың соңғы сатып алушысы (иеленушісі) болып табылмайды.
2-тарау. Сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейіннен жаңа инвесторға сату негiздемесi мен талаптары
5. Уәкілетті органның сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып есептелген сақтандыру ұйымының активтерінің құны мен мiндеттемелерiнiң арасында терiс айырманы анықтауы сақтандыру ұйымының барлық акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға негіздеме болып табылады.
6. Сақтандыру ұйымының активтерiнiң құны мен мiндеттемелерiнiң арасындағы айырманы есептеу Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Сақтандыру ұйымының жаңа инвесторына мынадай талаптар қойылады:
1) сақтандыру ұйымының акционері үшін Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келу;
2) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (жеке немесе басқа инвесторлармен бiрлесiп) барлық мiндеттемелердi орындау мүмкіндігінің болуы;
3) конфиденциалдылықты және коммерциялық құпияны сақтау бойынша жазбаша міндеттеме қабылдау.
8. Сатып алынған акцияларды кейіннен жаңа инвесторға сату туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қағидалардың 7, 11 және 14-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайда қабылдайды.
3-тарау. Сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейіннен жаңа инвесторға сату рәсімі
9. Уәкілетті орган жаңа инвесторды іздеу бойынша іс-шараларды Қазақстан Республикасының барлық аумағында қазақ және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тиісті ақпарат жариялау арқылы жүзеге асырады.
10. Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келетін тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкiлеттi органға сақтандыру ұйымының барлық акцияларын сатып алғысы келетiнi туралы өтiнiш береді.
Сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алғысы келетiн екi немесе одан да көп тұлға бірлесіп бір өтiнiш берген жағдайда, аталған тұлғалар өтінішке қосымша әрқайсысы сатып алатын сақтандыру ұйымы акцияларының санын және сатып алынған акциялар үшiн төлем жасалуға тиiстi ақша сомасын анықтайтын өзара жасалған келiсiмiн ұсынуға тиіс.
11. Өтiнiш берушi келiссөз жүргiзiлгенге дейін уәкiлеттi органға сақтандыру ұйымының мынадай ықтимал тәуекелдерінің сипаттамасы мен басқару тәсілдері кіретін алдағы 2 (екi) жылға арналған сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын ұсынады:
1) өтiмдiлiк тәуекелi бойынша (сақтандыру ұйымы өз сақтанушылары және өзге кредиторлары алдындағы өз мiндеттемелерiн уақтылы орындауға қабiлетсiз болу тәуекелi) шығарылған акциялардың, мiндеттемелердiң және өтiмдi активтердiң жалпы сомасының активтердiң жалпы сомасына күтілген қатынасы көрсетіледі;
2) операциялық тәуекел бойынша (сақтандыру ұйымының оперативтi қызметi бойынша шығыстардың алғашқы болжамды деңгейiнен айтарлықтай асуы мүмкiн тәуекел) көрсетiлетiн негiзгi және қосымша қызметтiң болжамды көлемi мен тiзбесi, сақтандыру ұйымы операцияларының күтiлген орташа және айтарлықтай жоғары көлемi, сақтандыру ұйымының алғашқы белгiленген шектен асатын шығыстарының орнын жабу шарттарының сипаттамасы көрсетіледі;
3) капитализацияға байланысты тәуекел бойынша (сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес болу үшiн жеткiлiктi меншiк капиталының қажетті мөлшерін қолдауға қабiлетсiз болуы мүмкiн тәуекел) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында қолдау қажет етілетін меншiк капиталының мөлшері көрсетіледі;
4) өз сақтанушыларына (өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымы үшiн) заем берген кездегi кредит тәуекелi бойынша заем берген кезде қолданылатын талаптар, сондай-ақ берiлген заемдардың портфелiн тұрақты қадағалау және бақылау кезiнде қолданылатын және проблемасы бар заемдар мен заемдар бойынша шығындардың орнын жабу үшiн резервтер құру мақсатында жүргiзiлетiн тәртiп көрсетіледі.
12. Акцияларды кейіннен сату мақсатымен оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы келiссөз жүргiзу мүмкiндiгi туралы мәселе оң шешiлген жағдайда, уәкiлеттi орган жаңа инвесторға алдағы уақытта жасалатын мәмiленiң болжамды мерзiмiмен қоса оны жасау талаптарын бiрлесiп қарауды бастау туралы жазбаша хабарлама жiбередi.
Сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алғысы келетiн екi немесе одан да көп тұлға бірлесіп бір өтiнiш берген жағдайда, уәкілетті орган олардың әрқайсысына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша хабарламаны жібереді.
13. Жаңа инвестор ұсыныстарды қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган ол туралы жаңа инвесторға жазбаша хабарлайды. Сақтандыру ұйымының акцияларын сату және ол бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету талаптарын енгiзе отырып, уәкілетті орган мен жаңа инвестор арасында жасалатын сақтандыру ұйымының сатып алынған акцияларын сатып алу-сату шартының жобасы уәкілетті орган жаңа инвесторға хабарлаған күннен бастап 10 (он) жұмыс жасалады.
14. Жаңа инвестор акциялардың сату бағасын, сондай-ақ сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыруға қажетті соманы не оның 60 (алпыс) пайыздан кем болмайтын негiзгi бөлігiн көрсетілген тиісті шот ашылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі тиісті шотына (бұдан әрі –шот) енгізеді.
15. Жаңа инвестор Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақшаны шотқа енгізгеннен кейін сақтандыру ұйымының сатып алынған акцияларын сатып алу-сату шартының жобасы уәкiлеттi органның Басқармасының қарауына шығарылады. Бұл ретте сақтандыру ұйымының сатып алынған акцияларын сатып алу-сату шарты уәкілетті орган сақтандыру ұйымының ондай акцияларын кейіннен жаңа инвесторға сату туралы шешім қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
16. Сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды және оларды кейіннен жаңа инвесторға сатуды ресімдеуді уәкілетті орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім және сақтандыру ұйымының акцияларын кейіннен жаңа инвесторға сату туралы шешім қабылдау жолымен жүргізеді.
17. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмi және сақтандыру ұйымының акцияларды жаңа инвесторға сату туралы шешімі бағалы қағаздардың ұстаушыларының тiзiлiмдер жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған жеке шотындағы сақтандыру ұйымы акцияларының меншiк иесiн өзгерту бөлiгiне өзгерiстер енгiзу үшiн негiз болып табылады.
18. Сақтандыру ұйымының келтірілген талаптарға сәйкес кейіннен жаңа инвесторға сатумен мәжбүрлеп сатып алуға жататын акцияларымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, сатып алынған акцияларды сату, бағалы қағаздардың ұстаушыларының тiзiлiмдер жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоттар бойынша тиiстi өзгерiстер енгiзу, сатып алынған акцияларды сату мерзімдері мен нысанын айқындау, және ақпаратты мүдделi тұлғаларға жiберу тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
19. Акцияның бұрынғы иелеріне сақтандыру ұйымының сатып алынған акцияларының жалпы көлеміндегі олардың үлесіне тепе-тең сомадағы акциялар құнын төлеу уәкілетті органның нұсқауы негізінде шоттан оған жаңа инвестор сақтандыру ұйымының акцияларының сату бағасы мөлшерінде ақша енгізген соң жүргізіледі.
20. Оларға қатысты акциялардың бұрынғы иелерінің сол акциялармен қамтамасыз етілген міндеттемелері бар үшінші тұлғалар өз талаптарын уәкілетті орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған соң акциялардың бұрынғы иелеріне тиесілі ақшадан қанағаттандырады.
21. Сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу бойынша iс-шаралар жүргiзуге байланысты шығыстар сақтандыру ұйымының акционерiнiң есебiнен жұмсалады.
22. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сатып алынған акцияларды кейіннен жаңа инвесторға сату туралы шешiмдер қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi хабарлама жариялайды.
4-тарау. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу рәсiмдерiн жүргiзу кезеңiнде сақтандыру ұйымы қызметiнiң тәртібі
23. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және кейіннен сатып алынған акцияларды сату туралы шешiмдi ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жiбередi. Сақтандыру ұйымының атқару органының басшысы (оны ауыстыратын тұлға) аталған шешiмге қол қоя отырып танысады және ол туралы атқару органының мүшелеріне ақпарат береді.
24. Егер сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және кейіннен жаңа инвесторға сату бiр уақытта жүзеге асырылса, онда уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмді жеткізген күннен бастап сақтандыру ұйымының барлық органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады және акционердiң шешiмi бойынша құрылған органдарға өтедi.
25. Егер сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және кейіннен жаңа инвесторға сату бiр уақытта жүзеге асырылмаса, онда уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмді жеткізген күннен бастап сақтандыру ұйымының барлық органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады және уәкiлеттi органға өтедi.
26. Қағидалардың 25-тармағында көзделген жағдайда, уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының қызметiн басқаруды қамтамасыз ету мақсатында өзінің өкілін тағайындайды, ол сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешім қабылдаған күннен бастап мыналарды орындайды:
1) сақтандыру ұйымының атқару органынан қабылдау-өткiзу актiсi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның түпнұсқасын, сақтандыру ұйымын тiркеу жөнiндегi құжаттарды, мөртабандарды, ақпараттың электрондық жазбаларын және оның бағдарламалық қамтамасыз етуiн, бланкiлердi және басқа құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымының мүлкін қабылдап алады;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, сақтандыру ұйымы өкілінің тағайындалғаны туралы шешiмнің көшірмесін сақтандыру ұйымы клиенттерінің танысуы үшін көрiнетiн жерге орналастырады;
3) сақтандыру ұйымының кассасына түгендеу жүргiзедi және ақша қалдығын оның банктiк шотына есептейдi, сақтандыру ұйымының банктiк шоттарын салыстырып тексередi;
4) сақтандыру ұйымының мүлкiне, сақтандыру және өзге де шарттарына түгендеу жүргiзедi, сақтандыру ұйымы мүлкiнiң, оның ішiнде бағдарламалық қамтамасыз етудің, ақпараттың электронды жазбаларының, сондай-ақ басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етедi;
5) сақтандыру ұйымының шотына қызмет көрсететiн банктерге сақтандыру ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қол қою үлгiлерi бар құжаттарды бередi;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) толық материалдық жауапкершiлiк жүктелген адамдарды, оның iшiнде сақтандыру ұйымының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен бухгалтерлiк және өзге де есептi өңдеудiң электронды жүйесiне кiруге рұқсат берiлетiн адамдарды анықтайды;
7) бухгалтерлiк есептiң архивiнiң деректер базасын және электронды жазбадағы есептi сақтандыру ұйымының өкілін тағайындаған күнге дейiн қағазға басып шығаруды қамтамасыз етедi;
8) сақтандыру ұйымы шарттарының (сақтандыру полистерiнiң) бланкiлерін алады;
9) сақтандыру жағдайлары басталған сақтандыру шарттары бойынша, оның iшiнде сақтандыру ұйымдары филиалдарының бұрынғы жасаған шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру туралы шешiм қабылдайды;
10) сақтандыру ұйымын басқару жөнiндегi басқа да қажеттi iс-шараларды орындайды.
27. Сақтандыру ұйымының өкілі өз қызметi кезеңiнде сақтандыру ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстарға, сақтандыру ұйымына түскен ақшаны есептеуге және сақтандыру оқиғасы басталған бұрынғы жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға байланысты жағдайлардан басқа, шығыс операцияларын жүзеге асырмайды.
28. Сақтандыру ұйымының өкілі уәкiлеттi органға филиалдар мен өкiлдiктер бойынша мәлiметтер ескерiле отырып жасалған сақтандыру ұйымының орындаған жұмысы мен қызметі туралы ақпаратты ұсынады.
29. Сақтандыру ұйымының өкілі бағалы қағаздардың ұстаушыларының тiзiлiмдер жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған жеке шотындағы сақтандыру ұйымы акцияларының меншiк иесiн өзгерту бөлiгiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап өз өкiлеттiктерiн тоқтатады және сақтандыру ұйымының құжаттары мен мүлкiн өткiзiп бередi.
Сақтандыру ұйымының құжаттары мен мүлкiн сақтандыру ұйымының өкілінен акционердiң қабылдап алуы-өткiзуi қабылдап алу-өткiзу актiсімен ресiмделедi, ол 3 (үш) дана етiп жасалады, олардың бiреуi уәкiлеттi органға берiледi.
30. Сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру үшін жаңа инвестор енгізген ақша сомасы сақтандыру ұйымының қайта құрылған атқару органының өтініш-хатын алған соң уәкілетті органның нұсқауы негізінде сақтандыру ұйымының банктік шотына аударылуы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi