«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14958 болып тіркелді
Редакция 17.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10305 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) және «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № 396 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Қазақстан Республикас Әділет министріні 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығымен бекітілді
Сот сараптама объектілерменжұмыс істеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.10.2018 жылғы № 1508 Бұйрығына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамаобъектілермен жұмыс істеу қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адам психикасының жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізіліп жатқан іс материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі–сот сараптамасы объектілері)- сот сараптамасы объектілері болып табылады.
3. Сот сараптамасын жүргізуге қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін бейнелеп көрсететін материалдық объектілер - үлгілер болып табылады.
4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін сот сараптамасы органының қызметкерлері, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар және «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдар жүзеге асырады.
2-тарау. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеутәртібі
Полная версия