«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2020
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14973 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.04.2020 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ______________ Д. Абаев 2017 жылғы 28 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 4 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Полная версия