Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
1-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 22.12.2017 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (21.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 02.03.2020 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (16.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік орган өткiзедi.
3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (02.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
6. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
5) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
8. Денешынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру және спорт, білім, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жетекшілік ететін салалық министрліктермен (бұдан әрі – салалық министрліктер) келісудің кезеңін қамтиды
Полная версия
ИС BestProfi