Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2020
«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14942 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 желтоқаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-205/2020 Бұйрығына сәйкес 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қазандағы № 439-442 (26285) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативтері» деген 13-қосымшасында:
«Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі» деген 4.3.-параграф мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 97-1 жолмен толықтырылсын:

97-1

Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері

500 білім алушыға шаққанда

1 лауазым есебінен


 

Шағын жиынтықталған мектептердің медициналық пункт мейіргерінің лауазымы 100 білім алушыға шаққанда 1 лауазым есебінен анықталады.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Полная версия
ИС BestProfi