Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.08.2020
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  2017 жылғы  13 наурыздағы № 180 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 343 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11121 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ____________________Т. Сүлейменов
 2017 жылғы «___»  ____________
Қазақстан Республикасы
           Ішкі істер министрінің
           2017 жылғы 13 наурыздағы
                 № 180 бұйрығымен бекітілген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Арызды  қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін  қызметтің  нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi